Тарих

Жалған: «Аватар» фильмінде жердің шынайы тарихы көрсетілген»

Желі қолданушылары «Аватар» фильмінде планетамыздың шынайы тарихы көрсетілген деген теориялармен бөлісуде. Бұған фильмдегі пейзаждарға ұқсас ерекше жерлердің фотосуреттері «дәлел» бола алады. Бұл суреттерде не бейнеленген? «Аватар» тарихи картина ма? Анықтайық.

Ақпаратқа тіркелген суреттерде Тепуи таулары, Серро Торре тауы және Монументтер алқабы бейнеленген. Тепуи таулары Венесуэланың шығысында орналасқан және мыңдаған жылдар бойы тұр. Ғалымдардың бұл таулардың пайда болуына қатысты пікірлері әртүрлі, бірақ олардың ешқайсысы жүз пайыз расталған жоқ.
Серро Торре тауы Чили мен Аргентина шекарасында орналасқан. Ғажайып көрінісіне қарамастан, тауда айырықша ештеңе жоқ. Ол негізінен граниттен тұрады – бұл ешқандай құпиясы жоқ материал.
Монументтер алқабы АҚШ-тың Колорадо штатында орналасқан. Ол 250 миллион жыл бұрын таяз теңіздің орнында пайда болған. Қазіргі жартастар сі түбіне шөгіп, құмға, содан кейін тақтатасқа айналған тұнбадан қалыптасқан.
Бұл жерлердің ешқайсысы «Аватар» фильмінде көрсетілмеген. Сонымен қатар картинаның режиссері Джеймс Кэмерон өз сұхбатында фильмдегі оқиғалар өрбіген Пандора планетасы ойдан шығарылған деп мәлімдеді. Ол бұл идеяны бала кезінде түсінде көргенін айтқан. Кейіннен оны ғылыми фантастика жанрындағы әртүрлі шығармаларға сүйене отырып пысықтаған.
Пандора планетасы, Жерге ұқсас болғанына қарамастан, автордың қиялында айтарлықтай ерекшеліктер бар. Біріншіден, Пандора – бұл газ алыбы Полифемнің спутнигі, сондықтан күн мен түннің ауысуы ерекше болады. Екіншіден, Джеймс Кэмеронның айтуынша, бастапқыда Пандорада флораның басым бөлігі көк және күлгін реңкті болуы тиіс еді, бірақ фильм түсіру барысында Жерге көбірек ұқсас болуы үшін өсімдіктерді жасыл түске бояу туралы шешім қабылданған.
Қорыта айтқанда, «Аватарда» Жер тарихы айтылмаған. Бұл фильм қандай да бір тарихи фактілердің интерпретациясы емес, режиссер Джеймс Кэмеронның қиялының жемісі.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button