Тарих

Фейк: «Мысырлық қабірден табылған кернейлер психоз бен соғыс тудырады»

Перғауын Тутанхамонның қабірінен табылған музыкалық аспаптар 1939 жылы адамдар мен жануарларда жалпы психоздың болуына және Екінші Дүниежүзілік соғыстың басталуына себеп болған. Өйткені, ВВС радиосының эфирінде ежелгі мысырлық кернейлерде ойнаған. Telegram-да осындай ақпарат тарады. Бұл өтірік.

1922 жылы британдық археолог Ховард Картер Тутанхомонның 18-ші әулетіне жататын перғауынның бұзылмаған қабірін табады. Қабірде екі керней болған. Бірі қола мен мыстан, екіншісі мыстан белгілер салынған күмістен жасалған. Үрмелі аспаптарда құдайлар – Ра-Горахта, Птах және Амонның суреттері бейнеленген, сондай-ақ сәндік гравюралармен безендірілген. Бұл ойнауға болатын әлемдегі ең көне кернейлер деп саналады.

Адамдар бұл музыкалық аспаптарды сынап көрмек болады. 1939 жылы 16 сәуірде ханзада Альберттің Корольдік Гусар полкінің мүшесі Джеймс Тапперн ВВС радиосының эфирінде музыкалық аспаптарда ойнайды. Ежелгі мысырлық кернейлердің ерекше дыбысын шамамен 150 миллион адам тыңдады. Жазба сөреде қалып қойған жоқ. Ол соңғы рет 2023 жылдың шілдесінде ВВС радиосында қойылды.

Еуропада Екінші Дүниежүзілік соғыс 1939 жылдың 1 қыркүйегінде басталды – Германия Польшаға басып кірді. Кернейде ойнағаннан бері бес айға жуық уақыт өтті.

Мысырда кернейлер әскери мақсатта пайдаланылған. Қолбасшылар аспаптың көмегімен сарбаздарды ескерткен немесе бағыттап отырған. Сондықтан ақыретте өз әскерімен сөйлесуі үшін кернейлерді перғауынның қабіріне салып отырған.

Жаңалықта айтылған Каирде электр қуатының өшуі мен психоздың болуына келсек, бірде-бір ғылыми мақалада немесе энциклопедияда 1939 жылы адамдар мен жануарлардың психикалық денсаулығы бұзылғаны туралы жазылмаған. Эфирге бес минут қалғанда Каирде жарықтың сөніп қалғаны туралы ВВС сайтында ғана хабарланды. Бірақ бұл тікелей эфирдің өтуіне кедергі болмады.

2011 жылы Мысырдағы төңкеріс кезінде тонаушылар музейден басқа артефактілермен бірге кернейлердің бірін ұрлап кетеді. Біраз уақыттан кейін музыкалық аспап қайтарылды, бірақ бұл жерде мистика жоқ. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, керней Каир метросында қалдырылған сөмкеден Тутанхамонның басқа да ұрланған артефактілерімен бірге табылды.

Олай болса, әскери іс-қимылдарды және басқа да апаттарды ежелгі мысырлық қабірден табылған кернейлермен байланыстыруға негіз жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button