Тарих

Фейк: «Сталин қайтыс болғаннан кейін электромобильдер шығару бойынша сәтті кеңестік жоба күштеп жабылды»

Желі қолданушылары Кеңес Одағында электромобильдер сәтті құрастырылған деп жазуда. Жоба жеті жыл бойы іске асырылып, Иосиф Сталин қайтыс болғаннан кейін «күштеп» жабылған екен. Бұл жалған.

Хабарламада НАМИ-750 және НАМИ-751 автомобильдері туралы айтылған. Бұл – екі тұрақты ток электр қозғалтқышымен жұмыс істейтін вагон түріндегі фургондар. 
Олар 1948 жылы ғылыми автомоторлық институтта шығарыла бастады. Автокөліктер тауарлар мен пошта тасымалдауға арналған. Зауыт шығарған тәжірибелі үлгілер сенімді ақтады. Тестілеу кезінде бұзылулар аз болды және аса маңызды емес еді. Кейіннен олар түзетілді. 
1951 жылы ЛАЗ зауыты осындай электромобильдердің алғашқы партиясын шығарды. Ол 20 машинадан тұрды. Осы зауыт та, өзгелері де басқа партияларды шығарған жоқ. Себебі, мұндай көліктің есептік құны өте жоғары болды. Аккумуляторы бар НАМИ-750 16 мың рубльді, ал НАМИ-751 25 мың рубльді құрған. Салыстыру үшін, 1954 жылы сол кездегі ең қымбат көліктердің бірі жаңа «Победа» көлігі 16000 рубльден сатылды. 
НАМИ электромобильдерін құрастырудың тоқтатылуының екінші себебі – қорғасын тапшылығы. Аккумуляторлар өндіру үшін металл көп көлемде қажет болды, ал 50-ші жылдары ол жеткіліксіз еді.
Иосиф Сталиннің қайтыс болуы мен электромобильдер шығарудың тоқтатылуының арасында ешқандай байланыс жоқ. Ол 1953 жылы 5 наурызда қайтыс болды. Ал НАМИ-75 және НАМИ-751 көліктерін шығару бұған дейін екі жыл бұрын тоқтатылған және тек бұрын шығарылған даналар ғана пайдаланылды.
Демек, КСРО-да электромобильдер шығарылғаны рас, бірақ жоба сәтті болған жоқ. Оны жабудың қисынды себептері бар: қорғасынның жетіспеушілігі және автомобильдер құнының жоғары болуы. Сталиннің өлімінің өндірісті тоқтатумен байланысы жоқ.
Яғни, таралған ақпарат өтірік және тарихи фактілермен манипуляциялау болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button