Конспирология

Фейк: «Түнгі аспандағы ерекше құбылыс видеоға түсірілген»

Танымал Telegram чаттарында ерекше видео тарады. Онда түнде автотұрақ үстінен аспанда жарқыраған және жылдам айналған дөңгелектер көрсетілген. Бұл – монтаж.

Адамдар жарқыраған және айналған дөңгелектерден қазіргі ғалымдар бейнелейтінге ұқсайтын қара тесікті байқаған. 
Егер қара тесік шынымен Жерге жақын орналасса, оны таралған роликтің авторы ғана емес, планетаның барлық тұрғындары да көретін еді. Қара тесіктің тартылыс күші алдымен Жерді созып, оны шардан «спагеттиге» айналдырып, кейін оны бөліктерге бөліп тастар еді. Бірақ бұған дейін тесіктен шыққан радиация Жердегі барлық тіршілікті өртеп жіберуі тиіс болады.
Бақытымызға орай, бүгінгі күнге дейін біздің планетамызға ең жақын орналасқан қара тесік 1,5 мың жарық жылы қашықтықта орналасқан және адамзатқа ешқандай қауіп төндірмейді. 
Демек, таратылған видео нақты болып жатқан оқиғалардың түсірілімі емес. Бұл екі түрлі видеоны қосып жасалған. Біреуі қараңғы уақытта автотұрақта түсірілген, екіншісі CGI технологиясының көмегімен толығымен жасалды. Екінші видеоның авторы – Thomas Vanz лақап атымен тіркелген YouTube қолданушысы. Роликтің атауы – «INTRA – қара тесіктен үлкен жарылысқа дейін». Автор видео сипаттамасында жазғандай, бұл қара тесіктердің ішінде ақ тесіктер бар, олардан материя мен уақыт «туады» деген теорияның CGI визуализациясы. Telegram арнасындағы видеоны жасау үшін пайдаланылған кадрлар CGI анимациясының 47-ші секундында көрінеді. 

Ғарыш тақырыбындағы мұндай қиял-ғажайып видеолар сирек кездеспейтінін айта кеткен жөн. Желіде Айдың орнында көкжиек үстінде Юпитер тұрған видеоларды, тіпті Ай Жерге соғылып, оны жойып жібергені туралы қысқаметражды фильмдері көруге болады. Мұның бәрі компьютерлік графика екенін және мұндай видеоларға сенбеу керегін түсіну маңызды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button