Алаяқтық

Алаяқтар қазақстандықтарды алдау үшін ескі жаңалықтар сюжетін пайдаланады

Instagram-да белгілі бір қосымшаның жарнамасы жарияланды, оны жүктеп алған пайдаланушылар қомақты қаржы ұтып алады екен. Жарнама мәтіні 39 миллион теңге ұтып алған павлодарлық такси жүргізушісі туралы жаңалықтар сюжетінің үстінен жазылған. Бұл – алаяқтық.

Мұндай жаңалықтар сюжеті бар. Ол 2019 жылдың қыркүйегінде шыққан. Ол кезде такси жүргізушісінің қомақты қаржы ұтып алғаны туралы басқа да қазақстандық БАҚ хабарлады. Шын мәнінде, ол ешқандай қосымшаны жүктемеген, жай лотереядан ұтып алған.
Яғни, бүгінде тараған жарнама пайдаланушыларды шатастыруда.
Алаяқтар қазақстандықтардың жеке немесе төлем деректеріне қол жеткізу үшін мобильді қосымшаны жүктеп алуды ұсынуы мүмкін.
Қосымшаларда үшінші тұлғаларға смартфонда қандай батырмалардың басылғанын немесе басқа да ақпаратты алуға мүмкіндік беретін жасырын бағдарламалар болуы ықтимал. Осылайша, алаяқтар жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерді, банктердің мобильді қосымшаларына кіру кодтарын және басқа да маңызды ақпаратты ала алады.
Баршаңызды табыс табуға уәде беретін жарнамаларға сенбеуге және тексерілмеген дереккөздерден қосымшаларды жүктемеуге шақырамыз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button