Әлеуметтік желілерде қазақстандықтарға 2 млн теңгеден табыс табуға мүмкіндік беретін жаңа жоба туралы баяндалатын видео таратылуда. Роликте ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Kaspi.kz басшысы Михаил Ломтадзенің сөйлеген сөздерінің бейнежазбалары монтаждалған. Бұл алаяқтар жасаған фейк.
Бейнеде жалған дыбыс қолданылған. ҚР Президенті сөзінің үзіндісі оның 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Парламент палаталарының бірлескен отырысында баяндаған Қазақстан халқына Жолдауының жазбасынан алынған. Ол банкпен бірлескен жаңа қаржылық жоба туралы айтпайды. Жолдаудың толық жазбасы желіде жарияланған.
Михаил Ломтадзенің де таралған хабарламаға қатысы жоқ. Авторлар оның ресми YouTube арнасында жарияланған клиенттерге арналған үндеуін пайдаланған.
Жаңа жоба туралы видеода пайдаланушыларды алдау үшін танымал компаниялар мен атауларды пайдаланатын Kaspi Profit деп аталатын алаяқтық брокерлік жобаның жарнамасы екенін білдіретін логотип көрсетілген.
Мұндай роликтер Желіде бір жылдан астам уақыт бұрын тарала бастаған және Kaspi.kz-тің әлеуметтік желілердегі парақшаларында ресми түрде жоққа шығарылды.