Алаяқтық

Алаяқтар қазақстандықтарды ірі мұнай компаниясының атынан алдауда

Facebook-те инвестициялар туралы жарнамалық ұсыныс тарады. Пайдаланушылар «Каспий Мұнай» АҚ-ға 80 мың теңге мөлшерінде бір реттік инвестиция салғаны үшін 520 мың теңгеден бастап төлемдер ала алады екен. Бұл хабарландыру фейк.

Қазнетте 2021 жылдың желтоқсанында «Каспий мұнай» атынан дәл осындай хабарландыру тараған болатын. Ол кезде компания өкілдері оның бұл инвестициялық ұсыныстарға қатысы жоқ екенін хабарлады.
– «Каспий Мұнай» АҚ компаниясының қаржы пирамидасына қатысы жоқ. Алаяқтар «Каспий Мұнай» АҚ атауын ҚР Бағалы қағаздар нарығында қызметпен айналысуға лицензиясы бар брокерлік/дилерлік ұйымдардың тізімінде бар болғандықтан мақсатты түрде пайдаланады, – деп хабарлады «Каспий Мұнай»АҚ баспасөз қызметі.

Айта кетейік, қаржы (инвестициялық) пирамидасын құру және оған жетекшілік ету ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабы бойынша жазаланады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button