Конспирология

Фейк: «БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі күн тәртібінің мақсаты – фермерлік пен азық-түлікті жою»

Instagram қолданушылары БҰҰ-ның «Фермерлер де жоқ, тамақ та жоқ» деп аталатын жоспары бар құжат туралы жазуда. Адамдардың бәрін бірдей бақылау үшін ауыл шаруашылығы жойылмақ екен. Бұл рас па, анықтайық.

БҰҰ-ның «2030 жылға дейінгі күн тәртібі» бағдарламасы бар. Ол туралы ұйымның сайтында егжей-тегжейлі жазылған сипатталған және 17 аспектіден тұрады. Олардың бірі азық-түлік қауіпсіздігі мен тұрақты ауыл шаруашылығына арналған.

Осы салада сипатталған міндеттерге фермалар мен азық-түлік қорларын жою кірмейді. Керісінше, Күн тәртібінің осы аспектісі аясында азық-түлік қауіпсіздігі үшін жерді қалпына келтіру және климаттың өзгеруін азайту жоспарлануда. Атап айтқанда, топырақ пен су ресурстарын ұтымды пайдалануға және органикалық тыңайтқыштарды қолдану аясын кеңейтуге баса назар аударылады.

Сонымен қатар тұрақты ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі міндеттер БҰҰ-ның аштықты жою жөніндегі міндеттерімен тығыз байланысты, әсіресе кедей елдерде.

Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы «2030 жылға дейінгі күн тәртібінде» үй шаруашылықтарына ерекше көңіл бөледі. Бұл ретте ұйым үй шаруашылықтарын азық-түлік жағдайы қолайсыз халықтың осал топтары үшін азық-түлікке қолжетімділікті қамтамасыз етуге негізгі үлес қосатын субъект ретінде қарастырады. Күн тәртібінде шаруа қожалықтарын жою туралы айтылмаған

«Фермерлер де жоқ – тамақ та жоқ» деген тіркес БҰҰ-ның «әшкерелеу» мақсатында түсірілген фильмнің атауы. Онда адамдар көп ұзамай қоңыздармен қоректенеді, ал жердегі барлық тағамды элиталар бақылайды делінген.

БҰҰ-ның Күн тәртібінде «Фермерлер де жоқ – тамақ та жоқ» деген ұран жоқ екенін атап өткен жөн. Оны жоғарыда аталған фильмнің авторлары ойлап тапты, ал әлеуметтік желі қолданушылары оны Біріккен Ұлттар Ұйымына тиесілі деп таратты.

Демек, таралған хабарлама оқырмандарды шатастырады. БҰҰ фермерлікті жойып, әлемнің барлық азық-түлік қорын бақылауына алатынына дәлел жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button