Фейк: «Желіде адам мен маймыл гибридінің видеосы жарияланды»
Қазнетте маймылға ұқсайтын ерекше тіршілік иесі бейнеленген видеоролик тарады. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл – химера. Жасырын зертханаларда шығарылған адам мен маймыл гибриді. Бұл жалған.
Банан жеген ерекше жануардың видеосы Желіде үш айға жуық уақыт бұрын – 2022 жылдың шілдесінде тарады. Кейбіреулері бұл Қытайда жасалған маймыл мен егеуқұйрықтың буданы деп жазды.
Алайда, кадрларда нақты күміс мармозеткасы көрсетілген деп жазғандар да болды. Ол примат тұқымдасына жатады.
Видеода көрсетілген дарақтың сау емес екені анық. Оны аяқ-қол буындарының ұлғаюынан және аяғы мен басында жүннің болмауынан байқауға болады.
Дегенмен, бұл видеодағы маймылдың адамның, егеуқұйрықтың немесе басқа бір тіршілік иесінің ДНҚ-сы бар мутант екенін білдірмейді.
Айта кетейік, 2021 жылы ғалымдар адам жасушалары бар маймыл эмбриондарын өсірді. Бұл зерттеу мақсатында ғана жасалды. Эмбрион небәрі 19 күн өмір сүрді, бірақ ғылыми қоғамдастықта қызу пікірталас тудырды – бірқатар ғалымдар мұндай тәжірибелерді этикаға жат нәрсе деп тапты.
Әлемде адам-маймылдан туған және тірі қалған бірде-бір дарақ жоқ.
Қорыта айтқанда, химера туралы хабарламалар – фейк. Видеода маймыл мен адамның гибриді емес, ауру күміс мармозетка көрсетілген.