Fake News

Дәлелсіз: «Pfizer адамдарға вакциналары туралы әдейі өтірік айтады»

Telegram чаттарында тараған роликте америкалық сенатор Рон Джонсон Pfizer компаниясының қызметкерлері өздерінің COVID-19 қарсы вакцинасы туралы әдейі өтірік айтады деп мәлімдеген. Препарат құрамында улы заттар бар екен. Бұл олай емес.

Алдымен сенатор Рон Джонсонның кім екені туралы қысқаша айтып өтейік. Ол COVID-19 қарсы вакцинациялауға қарсы тұлға. Джонсон коронавирустық инфекциямен ауырғанына қарамастан, вакцина алудың қажеті жоқ дейді. Сонымен қатар, ол егілген адамдар көп ұзамай вакцинаға жағымсыз реакциялардың салдарынан өліп кетуі мүмкін деп мәлімдеген. Сенатор бұл ойын VAERS сияқты дәрі-дәрмекке жағымсыз реакцияларды бақылауға арналған ашық жүйелердегі қате түсіндірілген деректерді келтіріп растайды.
Оның мұндай сөздерін фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарды.
Демек, Рон Джонсон вакциналар мен жалпы COVID-19 пандемиясы туралы күмәнді ақпарат таратқан.
Видеода Джонсон өз атынан сөйлемейді. Ол Pfizer компаниясының бұрынғы вице-президенті Майкл Йедонның сөздеріне сүйенеді. 
Йедон вакцинация туралы ғылымға қарсы мәлімдемелерімен танымал. Оның да айтқанын тексеру қажет. Ол COVID-19 қарсы вакциналарда қауіпті және улы заттар бар, мұны адамдардан жасырады деген. Бұл дәлелсіз. 2021 жылы COVID-19 алдын алуға арналған дәрі-дәрмекте бірқатар құпия компоненттер бар деген қауесет жоққа шығарылған болатын. 
Вакцинаның құрамы ашық түрде жарияланды және құпия емес.
Демек, Йедонның сөзіне ешқандай дәлел жоқ.
Осылайша, тараған ақпарат – бұл қате пікір айтқан вакцинацияға қарсы адамдардың бірінің сөзіне негізделген екіншісінің пікірі. Сондықтан оған сенудің қажеті жоқ.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button