Фейк: «Болашақта адамдарда жеке көлік болмайды»
Мессенджерлерде 2023 жылғы 16-20 қаңтар аралығында Давоста өтетін Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысушылардың кездесуі туралы жаңалықтар тарады. Спикерлердің бірінің болашақта адамдарда жеке көліктер болмайды деген мәлімдемесі пайдаланушылардың алаңдаушылығын тудырды. Бұл жалған.
Швейцария Ұлттық Парламентінің мүшесі және Еуропадағы климаттық шешімдер бөлімінің басшысы Бастьен Жирод осындай мәлімдеме жасаған.
Ол «Табиғатпен үйлесімділікте» тақырыбындағы ашық форум аясында өткен кездесуде сөз сөйледі. Форумның толық жазбасын ДЭФ ресми сайтынан көруге болады.
Бастьен Жирод автокөліктер туралы жазбаның 54 минут 46 секундында айтады.
Оның сөзінше, Цюрихте көптеген аудандар мектептер, дүкендер, қоғамдық кеңістіктер және жайлы өмір сүруге қажетті басқа да орындар мен мекемелер бір-біріне жақын болатындай етіп салынған. Сондықтан мұндай аудандарда тұратын адамдарға жеке көліктер қажет емес.
– Адамдарға көлік сатып алуға рұқсат берілмейді емес. Жай бұл адамдарға көлік қажет емес, өйткені қоршаған орта жеке көліктің болуын қажет етпейді. Саясат міне, осымен айналысуы керек. Табиғатпен үйлесімді тұрақты өмір салтын құру – ең қарапайым жолы осы», – деді саясаткер.
Яғни, Бастьен Жирод болашақта адамдарда көлік болмайды деп мәлімдемеген. Ол ірі қалада жеке көліксіз де жайлы өмір сүруге болатынын айтып, Цюрихтегі кейбір адамдардың өмір салтын сипаттаған.