Fake News

Фейк: «ХҒС-тағы салмақсыздықты компьютерлік графиканың көмегімен жасайды»

Telegram чаттарында Халықаралық ғарыш станциясы – бұл ойын, ал салмақсыздық – компьютерде жасалған арнайы эффект деген теория таралды. Бұл шындыққа жанаспайды.


Пайдаланушылар бұған дәлел ретінде микрофонның сымы ХҒС-тағы астронавттың қолынан өткен видеодан үзіндіні келтіреді.
Бұл видео 2022 жылдың 9 қыркүйегінде АҚШ вице-президенті Камала Харристің ғарышкерлермен жүргізген әңгімесінен алынған. Таралған видеода астронавт Боб Хайнс көрсетілген. Желіде оның Камала Харриске берген жауабының жақсы сападағы жазбасы бар. Онда микрофон сымының ғарышкердің қолынан өтпейтіні көрініп тұр. Мұндай әсер таралып отырған сапасы төмен видеоның үзіндісінде ғана қалыптасады. Кескіннің бұжырынан ақ сым мен астронавттың қолындағы жарқылдың арасы бұлдырап көрінбейді, нәтижесінде бұл сым Хайнстың білегінен өткізілгендей болып көрінеді.

Ғарыш та, ғарышкерлер де жоқ деген пікір – конспирологиялық теория. Оны жақтаушылардың айтуынша, мысалы, айға қонуды Голливуд кинотеатрларының бірінде Стэнли Кубрик түсірген. Бұл қауесетті режиссердің жұбайы мен қызы жоққа шығарды.
Демек, таралған видеоны және онда келтірілген қастандықтың «дәлелін» оның сапасының төмендігімен және бұжыр болуымен түсіндіруге болады. Сапасы жақсы роликте астронавттардың қолынан ештеңе өтпейтіні анық көрінеді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button