Медициналық фейктер

Фейк: «Биологиялық белсенді қоспалар ағзадан графен оксидін шығаруға көмектеседі»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың қатысушылары ағзадан COVID-19 қарсы вакциналарымен бірге енгізілген заттарды шығаруу жолдары туралы кеңестерімен бөлісуде. Бұл ұсыныстарды орындау керек пе? Анықтайық.

Алдымен вакциналарда ағзадан шығаруды қажет ететін «қауіпті» заттардың жоғын түсінуіміз керек. Таратылған ақпаратта графен оксиді туралы айтылған. Графен – бұл көміртек атомдарының қабатынан түзілген көміртектің аллотропты модификациясы. Бұл салыстырмалы түрде жаңа, қымбат және қиын өндірілетін материал, ол COVID-19 қарсы вакциналарының құрамында жоқ. Бұл туралы фактчекерлер мен дәрігерлер бірнеше мәрте жазған болатын.
Сонымен қатар COVID-19 қарсы вакциналардың құрамы баршаға белгілі. Олардың ешқайсысында графен де, оның оксиді де жоқ.
Демек, бұл ағзадан графен оксидін шығарудың қажеті жоқ.
Сонымен қатар оны антиоксиданттардың көмегімен жою ұсынылған. Антиоксиданттар –ағзадан бос радикалдарды шығаратын белсенді қосылыстар. Өз кезегінде бос радикалдар жасушалық тыныс алу процесінде пайда болатын және жасуша мембраналарын зақымдайтын зиянды қосылыстар болып табылады. Графен бос радикал емес, яғни антиоксиданттар оны ағзаға түскен жағдайда, шығара алмайды.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат жалған және ғылыми идеялар мен вакцинаға қарсы адамдардың теорияларына негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button