Fake News

Дәлелсіз: «ДЭФ мүшелері Давосқа ұшу үшін вакцинацияланбаған ұшқыштарды жалдады»

Пайдаланушылар Желіде Дүниежүзілік экономикалық форум мүшелері жыл сайынғы Давос конференциясына жеке ұшақтарымен жету үшін тек вакцинацияланбаған ұшқыштарды ғана жалдаған деп жазды. Бұған ешқандай дәлел жоқ.


Бұл жаңалықтың дереккөзі – конспиролог Алекс Джонс құрған және демеушілік ететін InfoWars порталы. Mediabias-FactCheck тәуелсіз жобасының бағалауына сәйкес, InfoWars порталы өте сенімсіз дереккөз болып табылады және псевдоғылыми және қастандық теорияларын таратады.
Infowars порталының тілшісі өз мақаласында вакцинацияға қарсы ұшқыштар қауымдастығын басқаратын ұшқыш Алан Дэйнаның сөзіне сүйенеді.
Дэйнаның айтуынша, кейбір «бай адамдар» оған егілмеген ұшқыштарды жалдау үшін хабаралсқан. Алан Дэйна өз сөздеріне ешқандай дәлел келтірген жоқ. Ол растайтын құжаттарды көрсетпеген және жалданған ұшқыштардың атын атаған жоқ.
Айта кетейік, Алан Дэйна 2022 жылы COVID-19-ға қарсы вакцинациядан бас тартқаны үшін Qantas авиакомпаниясында жұмыстан босатылды. Ол вакцинацияланған ұшқыштар көкке көтерілгенде өледі деген ойларын айта бастады.
Бұл олай емес. Фактчекерлер мұндай қауесеттерді бірнеше рет жоққа шығарды.

Фейк: «Егілген ұшқыштар денсаулығына байланысты жұмысынан айрылуда»

Демек, Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысушылар Давосқа жету үшін вакцинацияланбаған ұшқыштарды жалдады деген ақпарат негізсіз. Бұл хабарламалардың шынайылығын растайтын дәлелдер жоқ. Ақпарат өте сенімсіз дереккөзден алынған және егілген ұшқыштар ұшақты басқарып келе жатып көз жұмады деген фейктерге негізделген.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button