Fake News

Әлеуметтік желілерде жарнамаланған мемлекеттік бағдарлама жоқ

Әлеуметтік желілерде ҚР Үкіметі Kaspi Bank-пен бірлесіп елдің барлық азаматтары үшін инвестицияларға жол ашатын мемлекеттік бағдарламаны іске қосқаны туралы ақпарат таратылуда. Бұл фейк.  

Жарнамада бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдегені айтылған. Алайда, Берик Уәлидің Facebook-тегі аккаунтында мұндай ақпарат жоқ. 

Сондай-ақ жаңа мемлекеттік бағдарлама туралы хабарламалар логотипі жарнамада пайдаланылған КТК телеарнасының сайтында да жоқ.

Мұндай бағдарламаны іске қосу туралы жаңалықтар банктің ресми сайтында да, оның әлеуметтік желілерінде де жарияланбаған.

ҚР Ұлттық экономика министрлігінің порталында да бұл туралы ештеңе жазылмаған

Хабарламаның фейк екенін әлеуметтік желілерде бұған дейін дәл осындай жарнаманың таралғанынан түсінуге боладыбірақ ол кезде серіктес банк ретінде Halyk Bank болды. Біз бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтыны туралы жазған едік.

Әлеуметтік желілерде жарнамасы тараған мемлекеттік бағдарлама жоқ

Демек, бұл хабарландыру жалған. Сондай-ақ, онда алаяқтар танымал адамдардың немесе компаниялардың атын жамылып, пайдаланушыларды фишингтік сайттарға тарту үшін қолданатын схема байқалады. Мақсаты – Желі пайдаланушылары туралы құпия ақпаратқа қол жеткізу: жеке аккаунтардың логиндері мен парольдері, жеке деректер, төлем карталарының деректері, жеке куәліктердің, төлқұжаттардың және т.б. құжаттардың нөмірлері. Кибер алаяқтықтың бұл түрі туралы толығырақ мына жерден оқи аласыздар:

Фишингтік сайттарды қалай тануға болады және олар неге қауіпті

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button