Тұмауға қарсы екпе коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупін арттырады – фейк
Facebook-те тұмауға қарсы вакцина халықтың коронавирус инфекциясын жұқтыру мүмкіндігін арттырады деген хабарлама таратылуда. Stopfake.kz бұл ақпараттың неге шындыққа жанаспайтынын түсіндіріп өтеді.
Пост авторы АҚШ Ұлттық биотехнологиялық ақпарат орталығының сайтында жарияланған 2008 жылғы зерттеуге және АҚШ қорғаныс қызметкерлерінің 2017-2018 жылдардағы тұмау маусымындағы зерттеуі туралы мақалаға сілтеме жасайды
«Зерттеудің жалпы нәтижелері вирустық араласу мен тұмауға қарсы вакцинациялаудың арасындағы байланысты растамайды. Жеке респираторлық вирустардың нәтижелері түсініксіз, ал кейбіреулері вирустың әсерін жоққа шығарды» ,- делінген автор сілтеме жасаған мақалалардың бірінде (мақаланың аудармасы «Vaccine».
Түрлі елдердің ғалымдары, керісінше, пандемия кезінде вакцинациялаудың қажет екендігін алға тартады. Тұмауға қарсы екпе аурудың асқынуынан қорғайды. Әсіресе, коронавирус пандемиясы жағдайында бұл өте маңызды, өйткені ол аурулардың белгілері ұқсас болғанда нақты диагноз қоюға мүмкіндік береді.
«Дене температурасының жоғары болуы, жөтел, тамақ ауруы тұмауға да, коронавирусқа да тән белгілер», – дейді Гельмгольц атындағы жұқпалы ауруларды зерттеу бойынша неміс орталығының қызметкері Жерар Краузе (Gerárd Krause).
– Егер бұл белгілер тұмауға қарсы екпе жасатқан адамда байқалса, онда оның тұмаумен емес, коронавируспен ауыру ықтималдығы жоғары.
Биыл тұмауға қарсы вакцинациялау COVID-19-бен күрес барысында қауіпті азайтуға септігін тигізеді, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ).
«Әлемнің көптеген елдерінен [өкілдерінен] ауруханаларда төсек-орын санын қалай көбейттіңіз деп сұрағанда, олар көбінесе тұмаумен күреске дайындалған ресурстарды тарттық деп жауап береді… Сондықтан тұмауға қарсы вакцинациялауды күшейту өте маңызды, өйткені биыл COVID-19-бен күресу үшін бізге осы ресурстар қажет», – деді бас директордың аға кеңесшісі Брюс Эйлворд.
«Тұмауға қарсы вакцинациялау коронавирус инфекциясынан сақтамайды, бірақ пандемия кезінде денсаулық сақтау жүйелеріне түсетін жүктемені ішінара жеңілдетеді», – деп мәлімдеді ДДСҰ тұмауға қарсы дайындық және күрес бөлімінің басшысы Анн Моэн 25 қыркүйекте өткен брифингте.
Маусымдық тұмауға қарсы вакциналар 50 жылдан астам уақыттан бері қолданылып келеді, осы уақыт ішінде миллиондаған адам екпе жасатты.
ДДСҰ ең алдымен қарттарға, балаларға, жүкті әйелдер мен аурулары бар адамдарға екпе жасауды ұсынады. Нақ осы топтар тұмаудың асқынуынан жиі зардап шегеді.