Fake News

Фейк: «Адамдарды аштықпен қорқытып, цифрлық ақшаны пайдалануға мәжбүрлейді»

Әлеуметтік желілерде Нигерияда қолма-қол ақшаға тыйым салынғаны және адамдарды аштықпен қорқытып, цифрлық валютаны пайдалануға мәжбүр еткені туралы хабарлама таралуда. Бұл рас па? Анықтайық.

2023 жылдың қаңтар айының басында Нигерияда банкоматтан алуға болатын қолма-қол ақша мөлшері шектелді. Аптасына бір адамға 20 мыңнан аспайтын нигериялық найрдан (шамамен 11 400 теңге) берілді. Бұл елдегі инфляцияны төмендету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықты жою әрекеттерімен түсіндіріледі. 

Бұл ретте нигериялықтардың қолма-қол ақшасыз төлемдері мүлдем шектелмеген – олар картамен еркін төлем жасап, шоттан шотқа аударымдар жасай алады.

Нигерияда орталық банк валютасы немесе CBDC цифрлық валютасы да бар. Ол eNaira деп аталады және 2021 жылы, қолма-қол ақшаны алуға шектеу қойылғанға дейін екі жыл бұрын айналымға шығарылды.

Мемлекетте аштық мәселесі өткір тұр. ЮНЕСКО мәліметтері бойынша, биылдың өзінде елдің 25 миллионға жуық тұрғыны түсім болмаған маусымда азық-түлік тапшылығына тап болуы ықтимал. Алайда, бұл мәселе биыл емес, ондаған жылдан бері барын атап өткен жөн. Ұдайы болып тұратын қарулы қақтығыстар аштыққа себеп болуда, соның салдарынан азық-түлік жеткізілімдері бұзылып, дақылдар жойылып, адамдар үйлерінен кетуге мәжбүр. 

Яғни, таралған хабарлама жалған. Біріншіден, Нигерияда қолма-қол ақшаға тыйым салынған жоқ, тек инфляциямен күресу үшін олардың айналымы шектелді. Екіншіден, цифрлық валютаның бұл оқиғаға ешқандай қатысы жоқ, өйткені ол екі жыл бұрын іске қосылған. Үшіншіден, Нигериядағы ашаршылық он жылдан астам уақыт бойы өткір мәселе болып табылады және ол біреудің адамдарды қолма-қол ақшаны пайдаланудан бас тартуына итермелеу ниетінен емес, елдегі саяси жағдай мен қарулы қақтығыстардан туындайды.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button