Конспирология

Фейк: «Жақын арада құлдардың жасанды нәсілі пайда болады»

Telegram-да жақын арада құл адамдардың жасанды нәсілі пайда болатыны туралы жазылды. Ол үшін бүгінде Желіде тараған бейнежазбада көрсетілген технология жасалған екен. Мұның бәрі өтірік.

Хабарламаға тіркелген видеода сперматозоидты ұстап, оны аналық жасушаға апаратын спираль тәрізді кішкентай робот көрсетілген. Видеода «олар» адамдардың жасанды нәсілін қалыптастырады делінген.
Шын мәнінде, бұл видео 2017 жылы Желіде жарияланған ескі 3D анимация.
Анимацияда ірі қара малдың аналық жасушасын микро мотормен ұрықтандыру механизмі көрсетілген. Теориялық тұрғыдан технологияны өздігінен жүкті бола алмайтын адамдар да қолдана алады. Алайда, мұндай жаңалықтар адамдарда ешқашан қолданылмаған, тіпті сыналмаған. 
Технологияны ойлап тапқан ғалымдар мұндай ұрықтандыру жолы адамдардың жаңа нәсілін қалыптастыру үшін қажет деп мәлімдемеген. Сонымен қатар мұндай теориялар ғылымға қарсы болып табылады, өйткені ұрықтандыруға қатысатын аталық және аналық жыныс жасушалары табиғи. Сырттан араласу тек сперматозоидты жұмыртқаға жеткізуге ғана негізделген.
Демек, таралған ақпарат жалған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button