Конспирология

Фейк: «Көше шамдары жарық арқылы адамдардың гендерін өзгертеді»

Telegram-да жарығы адам ағзасындағы бөлшектерге әсер ететін шамдар туралы видео тарады. Мұндай көше шамдары рибосомалық ақуызды білдіретін «L17-A» шифрымен белгіленген екен. Видео бойынша L17-A заты бар жарық адам гендерін өзгертеді. Бұл олай емес.

«L17» нөмірі үлкен рибонуклеопротеин кешеніне кіретін рибосомалық ақуызды білдіреді. Бұл кешен жасушалардағы ақуыздардың синтезіне жауап береді.
Рибосомалық ақуыз кіші және үлкен суббірліктерге бөлінген, олардың әсерінен пептидтік байланыстар түзіледі. Қалыпатсқан полипептидтер ақуыз факторларымен әрекеттесіп, жаңа пептидтік тізбек құрайды. Яғни, ағзадағы жасушалар жаңарады.
Жасушалардың, соның ішінде пептидтік тізбектердің жаңаруы – адамның физикалық жағдайы тәуелді болатын өте маңызды процесс. Онда зиянды және қауіпті ештеңе жоқ. Керісінше, егер бұл процесс баяуласа, адамның денсаулығы нашарлайды. Өйткені, L17 бұл түзілімде негізгі функцияны атқарады – заттың өзінде адамдар үшін қауіпті ештеңе болмайды.
Рибосомалық ақуыздың көше шамдары мен жарыққа ешқандай қатысы және «L17-A» оның белгісі емес. Шын мәнінде, бұл сандар Еуропа елдеріндегі барлық көше шамдарында жазылған. Видеода «L17-A» нөмірі бар екі бірдей шам көрсетілген, алайда оларда басқа да сандар көрсетілген – біріншісінде 21, екіншісінде – 10. Бұл – техникалық қызмет көрсету кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірі.
Сонымен қатар дәлел ретінде видеода жарық арқылы гендерді басқару тәжірибесі туралы айтылады. Бірақ бұл зерттеулердің де L17-ге қатысы жоқ.
Массачусетс университетінің осындай зерттеулерінің бірі жарықты қатерлі ісікке қарсы күресте қолданудың артықшылығын дәлелдейді. Бұл әдіс қатерлі ісік тудыратын гендері бар жасушаларды ультракүлгін сәулемен жарықтандыруға негізделген. Жарық аурудың дамуы мен өршу уақытын зерттеуге ықпал етеді. Дегенмен, жарықтың көмегімен гендерді ғана зерттеуге болады, бірақ оларды өзгертпейді.

Демек, гендерді өзгертетін көше шамдары туралы видео – фейк. Көше шамдарының адам денсаулығына әсер ететініне нақты дәлел жоқ. Сонымен қатар олардың нөмірі ешқандай химиялық заттармен байланысты емес. Ал рибосомалық ақуыздың шамдарға да, жарыққа да, гендердің өзгеруіне де қатысы жоқ және адам ағзасына зиян тигізбейді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button