Фейк: «Қазақстанда аспанды химиялық заттармен улайды»
Telegram-арналарда аспанға зиянды химиялық заттар шашу үшін ашық аспан режимі енгізілгені туралы ақпарат тарады. Бұл мәлімдеме жалған.
Қазақстанда «ашық аспан» режимі 2027 жылдың соңына дейін ұзартылды, бірақ бұл химиялық заттар шашу үшінжасалып отырған жоқ.
Ашық аспан режимі дегеніміз не?
«Бұл режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмыс істемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға «ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесін берудікөздейді», – деп түсіндірді Қазақстанның Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.
«Ауа еркіндігінің» бесінші дәрежесі дегеніміз не?
Бұл бір мемлекет екінші мемлекетке үшінші мемлекеттен келетін немесе үшінші мемлекетке арналған әуе тасымалдарының бірінші мемлекеттің аумағына қонуға және қабылдауға беретін тұрақты халықаралық әуе қатынастарына қатысты құқық немесе артықшылық.
Бұл не үшін жасалады?
«Бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға және Қазақстан қалаларының көліктік қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді», – делінген ҚР ИИДМ хабарламасында.
Демек, оның аспанда химиялық заттар шашуға қатысы жоқ. Бұл фейк.
Химтрейлдер, химиялық заттарды ауаға шашырату туралы теория конспирологиялық болып табылады. Оны жақтаушылар аспандағы іздер тану белгілері жоқ және улы химикаттар, онкогендік бөлшектер немесе вирустард “шашу” үшін кестеден тыс ұшатын ұшақтардан пайда болады деп санайды. Қастандық теориясын ұстанатындардың пікірінше, мұны “құпия үкімет” азаматтарды ауыртып, “фармацевтикалық компаниялар мен медицинаны” байыту немесе халықтың санын бақылау үшін жасап отыр. Бұл мәлімдемелердің ешқандай дәлелі жоқ және барлығы ойдан шығарылған.