Дәлелсіз: «Рокфеллер телеарналар балаларды құлға айналдырады деп мәлімдеді»
Қазнетте Дэвид Рокфеллер айтқан дәйексөз тарады. Ол XIX ғасырда билікке ие болу үшін телеарналар сатып алып, олардың көмегімен құлдар тәрбиелеу керек деген екен. Бұл шындыққа сәйкес келмейді.
Дэвид Рокфеллердің осылай айтқанына ешқандай дәлел жоқ. Бұл дәйексөзді Желіде ағылшын тілінде іздегенде ештеңе табылмады.
Дәйексөздер топтастырылған сайтта Дэвид Рокфеллердің телеарналарды сатып алып, құлдар тәрбиелеу туралы сөзі жоқ.
Rockefeller Group меншігінде бірнеше медиа, соның ішінде телеарна бары белгілі. Алайда, бұл активтердің барлығы 1986 жылы сатылды.
Дэвид Рокфеллер айтты деген дәйексөздер бұған дейін де тараған болатын. Біз оның әлемдік үкімет құру жөніндегі жаман ойлары туралы жазбағаны үшін БАҚ-қа алғыс айтқаны туралы ақпаратты жоққа шығардық.