Конспирология: «Ватикан Жер бетінде туған әрбір бала туралы деректерді сақтайды»
Қазнетте пайдаланушылар өте ерекше теория айтылған роликпен бөлісуде. Оған сәйкес, перзентханаларда сәбилердің аяғының ізін жасап, Ватиканға жібереді екен. Бұл процедура баланы заңды түрде өлтіруді және оның өмірі мен мүлкіне құқықты толықтай Ватикандағы адамдарға беру дегенді білдіреді. Мұның бәрі конспирология.
Басынан бастап таладйық.
Таратылған видеода медицина қызметкерлерінің жаңа туған нәрестелердің аяғының ізін алып жатқаны көрсетілген. Бұл жай процедура. Еуропаның кейбір елдерінде нәрестелер қауіпсіздігі осылай қамтамасыз етіледі – аяқ іздері, саусақ іздері сияқты, ерекше, яғни, ұрлап кеткен жағдайда нәрестені оңай табуға болады.
Қазақстанда перзентханаларда аяқ іздері алынбайды. Оның орнына нәрестелердің өкшесінен неонатальды скрининг үшін қан алынады. Ол екі ауруды ерте анықтауға бағытталған: фенилкетонурия (ФКУ) және туа біткен гипотиреоз (ВГ). Өкшеден қан алу жаңа туған баланың саусақтары тым кішкентай болғандықтан жүзеге асырылады.
Ватиканға аяқ іздері де, нәресте қанының үлгілері де жіберілмейді.
Мұндай идеялар «тірі егемен адамдар» туралы қастандық теориясының бір бөлігі болып табылады. Оған сәйкес, туған кезде әр адамға салмағы қанша болса, сонша алтын беріледі. Алайда, бұл байлықты тек заңды тірі адамдар ғана басқара алады, сондықтан Ватикан қызметкерлері мен Ұлыбритания королінің отбасы мүшелері адамдарды жасырын түрде жүйенің әрекетке қабілетсіз құлдары деп жариялап, оларды туған кезде заң жүзінде «өлтіреді».
Қазақстандық пайдаланушылар «тірі егемен адамдардың» қозғалысы туралы әлеуметтік желілерде жиі жазады. Бұл идеяны жақтаушылардың пікірінше, мысалы, өзіңді тірі адам деп жариялап, ХҚКО-лар мен басқа мекемелерден тиісті анықтамалар алу керек. Бұл қозғалыс КСРО ыдыраған жоқ, жасырын түрде әлі де бар деген қастандық теориясымен тығыз байланысты. Әрине, бұл идеялар расталмайды.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат өтірік және конспирология. Ватиканда Жерде туған әрбір нәресте туралы деректер сақталмайды, ал нәрестелердің аяғының іздері мен олардың қан үлгілері Ватикан қоймаларына жіберілмейді.