Дәлелсіз: «Желіде Рокфеллердің әлемді құл ету ниетін мойындаған дәйексөзі тарады»
Instagram-да Дэвид Рокфеллердің дауысына ұқсас дауыспен жазылған аудиожазба тарады. Онда миллиардер ағылшын тіліндегі ең ірі БАҚ-қа адалдығы үшін алғыс білдіріп, олардың үнсіздігінің арқасында оның отбасы мен жақтастары дүниежүзінде біртұтас әлемдік үкімет пен оларға тиімді тәртіп орната алғанын айтады. Мұның бәрі өтірік.
Дэвид Рокфеллердің бұқаралық ақпарат құралдарының үнсіздігі үшін алғыс айтқан сөзі Желіде танымал. Оны әртүрлі конспирологиялық сайттардан, форумдардан табуға болады. Алайда оның нақты дереккөзі және түпнұсқалығы мүлдем расталмаған.
QuotePark.com порталында Дэвид Рокфеллер бұл сөздерді 1991 жылы Баден-Баденде өткен Билдерберг клубының жиналысы кезінде айтқан деп жазылған.
Шындығында, мұны растау мүмкін емес. 1991 жылы клуб жиналысына сол кездегі АҚШ президенті Билл Клинтон келді. Кездесу кезінде видео да, аудиожазба да жүргізілген жоқ. Демек, Қазнетте тараған жазба жалған.
Сонымен қатар Желіде 1991 жылғы Бильдерберг клубының кездесуіне қатысушылар мен спикерлердің тізімін табуға болады. Дэвид Рокфеллер оларда спикер ретінде де, қонақ ретінде де көрсетілмеген.
Рокфеллердің тараған дәйексөзге аз да болса, ұқсас сөйлеген сөзінің жазбалары жоқ.
Демек, таралған хабарлама толығымен дәлелсіз.