Видео

Фейк: «Алматыда баспананы жалға алу қымбат болғандықтан студент көшеде шатыр құрып алған»

Қазнетте Алматыда екі көшенің қиылысында тұрған шатырдың видеосы жарияланды. Роликтің сипаттамасында, баспананы жалға алудың қымбаттығына байланысты студент осындай қадамға баруға мәжбүр болған деп жазылған. Бұл жалған.


Іс жүзінде бұл шатыр «Бителеком» компаниясына тиесілі. Компания қызметкерлері оны қолданыстағы телефон канализациясында кабель төсеу жұмыстарын жүргізу ыңғайлы болуы үшін орнатқан.
Полиция қызметкерлері түсірген видеода оның ішінде компания қызметкерлерінің отырғаны, олардың жұмыс жүргізуге рұқсаты мен құжаттарының бар екені көрсетілген.

Демек, Алматыда көшеде шатыр тігіп, тұрып жатқан студент туралы ақпарат – фейк. Роликте көрсетілген шатыр кабель төсеу жұмыстарымен айналысатын компанияға тиесілі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button