Видео

Фейк: «Грета Тунберг биологиялық ыдырайтын зымырандар мен вегандық гранаталарды қолдануға шақырды»

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде танымал белсенді Грета Тунбергтің соғыс туралы айтқан сөзінің бейнежазбасы тарады. Ол әскери іс-қимылдарды ақылмен жүргізіп, экологиялық қауіпсіз танктерді, биологиялық ыдырайтын зымырандарды және вегандық гранаталарды қолдануға шақырады екен. Бұл фейк.

Таралған видео ағылшын тілді қолданушының әзілі. Сұхбаттың дыбысының үстінен соғысты «экологиялық тұрғыдан дұрыс» жүргізу туралы басқа біреудің дауысы жазылған.

Эко-белсендінің сөйлеген сөзінің түпнұсқа жазбасын Желіден табуға болады. Ол BBC арнасында климаттың өзгеруі және өзінің «The Climate book» кітабы туралы баяндаған.

Ол соғыстар, гранаталар, танктер мен зымырандар туралы ештеңе айтпаған және «экологиялық қаруды» қолдануға шақырған жоқ.

Демек, таралған видео – фейк. Түпнұсқа видеода Грета Тунберг айтпағанды айтқан біреудің дауысы қолданылған.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button