Видео

Фейк: «Жаңа түрге түсе алатын белгісіз зат видеоға түсірілді»

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар бір қарағанда өздігінен қозғалатын қара түсті белгісіз затты видеоға түсіріп алған. Бұл кез келген көлемге, пішінге түсе алатын және әртүрлі түстерге боялатын тірі қара материя екен. Мұның бәрі жалған.

 

Бұл қара материяға немесе белгісіз материалдарға қатысы жоқ ескі фейк ролик. 2015 жылы ол алғаш рет «Қолмен құрастыру» атты YouTube арнасында жарияланған және «Ұялы телефон магниттік рудаға қалай әсер етеді» деп аталған. Видео авторының айтуынша, егер сөйлесіп тұрған телефонды магниттік кеннің жанына қойса, онда кен қозғалып, түрлі пішіндерге енеді. Бұған видео хостинг комментаторлары да, бұқаралық ақпарат құралдары да сенбеді. Атап айтқанда, YouTube-та видео астында адамдар автор магнит үгіндісі жатқан қағаз парағының астында магнит бар деп жазды. Олар бұл пікірлерін ұялы телефоннан соғылған қоңырау аяқталған соң кадрларда үгінділер әлі де қозғалып тұрғанымен растайды. Сондай-ақ видеода қағаздың қозғалғаны анық көрінетін сәттер бар.
Kp.ru порталының тілшілері магниттік үгінділермен және телефонмен жасалған тәжірибені қайталамақ болған. Тәжірибе ашық болуы үшін олар бірден үш түрлі телефонды қолданған – iPhone 6, Sumsung смартфоны және түймелері бар телефонның ескі моделін. Олардың ешқайсысы магниттік үгінділерді қозғалта алмады.
Белгісіз тірі қара материяға келсек, ол ғылымға қарсы. Ғалымдардың пайымдауынша, қара материя шынымен болады, бірақ ол тірі емес және ол көрінбейді. Қара материя – бұл ғаламның шамамен 80% басып тұрған, бірақ жарық шығармайтын немесе сіңірмейтін және электромагниттік өзара әрекеттесуге қатыспайтын гипотетикалық зат. Демек, оны көру мүмкін емес және сарапшылар оның бар екенін тек пайымдап отыр.
Әлеуметтік желілерге арнап видео түсіру үшін бұл гипотетикалық заттың бір бөлігін алып, жерге әкелу мүмкін емес.
Олай болса, таралған ақпарат – бұл ғылымға қарсы жазбасы бар ескі фейк видео. Мұндай жарияланымдарға сенбеген жөн.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button