Фейк: «Адамдарды күштеп қалаларға көшіруде»
Қазнет қолданушылары әлемде адамдарды ауылдардан қалаға күштеп көшіруде, осылайша оларды жою оңай болады деп жазуда. Бұл туралы халықтың көптігімен күресуге арналған «Ұлы қайта жаңғыру» бағдарламасында айтылған екен. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды.
«Ұлы қайта жаңғыру» – Дүниежүзілік экономикалық форумның бастамасы. Оның негізін қалаушы Клаус Шваб онымен аттас кітап жазған.
Кітап та, бастама да пандемиядан туындаған дағдарысты барынша тез еңсеруге арналған. Экономиканы, денсаулық сақтау, қаржы, әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін және басқаларын болашақта болуы ықтимал елеулі күйзелістерге дайындауға бағытталған.
Дегенмен, қастандық теорияларын жақтаушылар кітапта жазылмаған дәйексөздерді, «Ұлы қайта жаңғырту» бастамасында айтылған мақсаттарды ойдан шығаруда.
Адамдардың қалаларға күштеп көшірілетіні туралы пікір де жалған. 2021 жылы әлем бойынша ауыл халқының үлесі 43% құрады. Әрине, бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Алайда, хабарламада айтылғандай, зорлық-зомбылықпен қоныс аударған кездегідей тез емес. Мәселен, 1990-2021 жылдары ауыл халқының саны небәрі 13%-ға азайды.
Адамдар ауылдардан мәжбүрлегендіктен емес, ірі қалаларда білім алу және жұмысқа орналасу мүмкіндігі көп, медицина мен әртүрлі қызметтердің деңгейі жоғары, бос уақытты өткізу және т.б. мүмкіндіктер болғандықтан кетіп жатыр.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Ұлы қайта жаңғыру» бағдарламасында да, Клаус Швабтың осылай аталатын кітабында да адамдарды өлтіру үшін қалаларға мәжбүрлеп көшіретіні туралы айтылмаған деп қорытындылауға болады. Демек, таратылған хабарлама жалған.