Fake News

Манипуляция: «Сахарада белгісіз біреулер жасаған үңгірлер табылды»

Telegram мессенджерінде Сахара шөлінен табылған үңгірлерді белгісіз өркениет өкілдері салғаны туралы ақпарат тарады. Мұндай қорытынды ежелгі адамдар осындай керемет және жұмбақ нәрсе жасай алмаған дегеннен жасалып отыр. Бұл олай емес.


Хабарламада нақты қандай үңгірлер туралы айтылып отырғаны нақтыланбайды, бірақ олардың Сахара шөлінде табылғандығы атап көрсетілген. Автор 2011 жылы анықталған иттерді жерлеу орны туралы айтып отырған болар.
Ғалымдар оны ежелгі мысырлықтар салғанына еш күмән келтірмейді. Олардың мәдениетінде жануарларды ұстау және құрбандыққа шалу кең таралған болатын. Мысалы, Саккара қаласының аумағында Апис құдайын бейнелейтін бұқалардың жерленген жер табылған. Ғалымдардың пікірінше, иттер адамдар мен Анубис құдайының арасындағы серік ретінде болған, ол иттің немесе қорқаудың басымен бейнеленген. Бұл жерлеу орындарында табылған бұқаларды да, иттерді де мумияға айналдырып, құрметпен жерлеген. Бұқалар үлкен тас саркофагтарға салынған, ал иттер үшін қабырғадан орындар жасалған. 
Ақпаратта жазылған үңгірлердің тереңдігіне және безендірілуіне, қаншама жылдар бойы тұрғанына қатысты мәлімет оқырмандарды шатастырады. Автор нақты бір жерлеу орнын атамайтындықтан, оны тексеру мүмкін емес.
Алайда, иттерді жерлеу орны жер астында 10-15 метр тереңдікте орналасқан, қатты жартастан кесілмеген деп айта аламыз, ал ғалымдардың айтуынша, олар Желіде жазылғандай бес емес, екі жарым мың жылдан бері бар.

Сондай-ақ қазір Сахара шөлі орналасқан жерде өмір сүруге, егіншілікке және мал шаруашылығына қолайлы жағдайлар болғанын атап өткен жөн. Демек, ол жерде өмір сүру және бірдеңе жасау қазіргіден әлдеқайда оңай болған.
Қорыта айтқанда, таралған хабарлама жалған және дәлелсіз. Сахара шөлінің аумағында лабиринттер жерлеу орындары бар, оларды біз білмейтін жұмбақ өркениет емес, ежелгі мысырлықтар салғаны белгілі.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button