Манипуляция: «Халықтың азаюы климаттың өзгеруіне жол бермейді»
Әлеуметтік желілерде француз Le Monde газетінің «Халықтың азаюы жаһандық жылынудың әсерін азайтуға ықпал етеді» деп аталатын мақаласына сілтеме тарады. Мақалада негізінен атмосфераға СО2 және басқа парниктік газдар шығарындыларының көбейгені туралы айтылады. Ең бастысы, әлем халқының санының өсуімен шығарындылар саны одан әрі артып, климаттың өзгеруі күшейеді екен.
Әлеуметтік желі қолданушылары бұл мақаланы адамдар санын қысқартуды ашық мойындау ретінде қабылдады. Сонымен қатар мақаланы газетті қаржыландыратын және адамдар санын төмендетумен айналысатын Билл Гейтспен байланыстырды.
Алайда, Гейтстің бұл материалға ешқандай қатысы жоқ. Ал мақалада тек бір ғана көзқарас білдірілген және онда халық санын қысқарту туралы айтылмайды.
Демография мен климаттың өзгеруінің арасындағы байланысты және Гейтс қоры газет жұмысына қалай қатысатынын түсіндіріп өтейік.
Le Monde – либералды көзқарасты ұстанатын күн сайын шығатын француз газеті. Баспасөзде Франциядағы оқиғалар мен әлемдік жаңалықтарды, соның ішінде экономика, саясат және әлеуметтік мәселелер бойынша мақалалар жарық көреді. Сондай-ақ, Le monde климаттың өзгеруі және жаһандық жылыну туралы жазады.
Әр түрлі ақпарат көздерінің біржақтылығы мен нақты дәлдігін бағалайтын Media Bias/Fact Check веб-сайтының ақпаратына сәйкес, Le monde сенуге болатын деректерді жариялайды.
Халық санын қысқарту туралы мақалаға келетін болсақ, онда тууды өздігінен ерікті шектеуді дәріптейтін «Жауапты демография» қауымдастығы туралы айтылады.
Демография климаттың өзгеруіне әсер етеді. Бірақ Жер бетінде адамдар аз болса, парниктік газ шығарындылары азаяды және климаттың өзгеруіне жол берілмейді деген пікір қате.
Біріншіден, адамдар өз өмірлерінде парниктік газдардың тең емес мөлшерін шығарады. Мұның бәрі адамның қандай тағамдарды жейтініне, қандай заттарды қолданатынына, немен қозғалатынына, яғни оның жалпы өмір салтына байланысты.
Ең бай елдерде парниктік газдар шығарындылары ең кедей елдердегіге қарағанда 50 есе артық болады. Бірақ табысы және шығарындылары төмен елдерде халық саны өте жылдам өседі.
Мұның бәрі энергия өндіру үшін қолданылатын технологияларға байланысты. Қытай мен Үндістан сияқты мемлекеттер арзан күн батареялары мен жел турбиналарын салуда, бұл кірістер мен халықтың өсуіне байланысты шығарындылардың жалпы көлемін төмендетуі мүмкін. 2022 жылғы Union of Concerned Scientists статистикасына сәйкес, Қытайда шығарындылар жылына жан басына шаққанда небәрі 6,4 тоннаны құрайды. Бұл ретте АҚШ-та шығарындылар жылына 15 тоннаны, ал Канадада жан басына шаққанда 14,9 тоннаны құрайды.
Әлеуметтік желілерде мақаламен бірге Билл Гейтс туралы да жазылған, ол газетті қаржыландырады екен және оны бірнеше рет халық санын азайту туралы қастандық ойын алға тартты деп айыптаған. Алайда, бұл мақаланың Гейтске ешқандай қатысы жоқ және оның қоры бұл мақаланы қаржыландырмаған. Себебі Гейтс қоры Африкадағы өмір туралы баяндайтын газеттің бір бөліміне ғана демеушілік жасайды. Атап айтқанда, кедейлікпен күрес, денсаулық сақтау және Сахеланы дамыту жобалары туралы. Халық санын азайту туралы мақала Африкамен байланысты емес, яғни Билл Гейтс пен оның қорының оған ешқандай қатысы жоқ.
Шынында да, ұрпақ жалғастырудан және балалардан бас тарту арқылы халықтың санын азайту қоршаған ортаның жағдайына одан әрі жағымды әсер етіп, климаттың өзгеруіне жол бермейді деген пікір қалыпатсқан.
«Халықтың азаюы жаһандық жылынудың әсерін азайтуға ықпал етеді» деп аталатын мақала тек бір ғана ұстанымды білдіреді. Бұл ретте халық санының азаюы осы мәселелерді шешуге көмектеспейтін білдіретін басқа да пікірлер бар.
Қоршаған ортаны басқа да тиімді жолдармен қорғау болады, мысалы, экологиялық таза энергияны пайдалану немесе жекелеген адамдардың өмір салтын өзгерту арқылы шығарындыларды азайту. Сонымен қатар болашақ ұрпақтың тұтыну деңгейі қазіргі адамдардағыдай қоршаған орта үшін зиянды болады деп нақты айту мүмкін емес. Әр адам өмір салтын және қоршаған ортаны қорғау әдісін өзі таңдайды.