Fake News

Фейк: «Стэнли Кубрик Айға қону кадрларын бұрмалағанын мойындады»

Танымал Telegram арналарының бірінде қазақстандықтар бөліскен бейне сұхбатта белгілі режиссер Стэнли Кубрик америкалық астронавттардың Айға қонуын бұрмалағанын мойындайды. Бұл фейк.


Таратылған бейне сұхбат – режиссер Патрик Мюррейдің 2015 жылғы «Кубрикті түсіргенде» фильмінен алынған үзінді.

Фильмнің түпнұсқасы жоқ. Алайда, желіде фильмнің үзінділерін әлі де көруге болады.
Лента желіде шыққаннан кейін бірден теріске шығарылды.
Біріншіден, бастапқыда фильм авторы Стэнли Кубриктің өзі оған 1999 жылдың мамыр айында сұхбат жазуға рұқсат берген деп мәлімдеді. Бұл мүмкін емес, өйткені режиссер екі ай бұрын, сол жылдың 7 наурызында қайтыс болған. Кейінірек титрлер түзетіліп, видео 1999 жылы наурызда жазылған деп көрсетілді.
Екіншіден, видеодағы адам Стэнли Кубрик емес екені анық. Егер оның сырт келбеті мен сөйлеу тәсілін 1997 жылы DW Griffith Award рәсімінде сөз сөйлеген Стэнли Кубриктің видеосымен салыстыратын болсақ, онда сұхбат беріп отырған адам мен Кубриктің екі түрлі адам екендігі айқын көрінеді. Snopes басылымы 2015 жылғы мақаласында «деректі» видеоның түпнұсқасында Мюррей «Стэнли Кубрикке» қарап сөйлегенде оны Том деп атап, оған кадрда нені және қалай айту керектігі туралы нұсқаулар беріп жатқаны естіледі деп жазған.
Үшіншіден, режиссердің жұбайы мен қызы Кубриктің тірі кезінде осы сұхбатты бергенін ашық түрде жоққа шығарды.
«Сұхбат – өтірік. Бүкіл оқиға ойдан шығарылған, бұрмаланған және шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады Стэнли Кубриктің жұбайы.

Атақты режиссердің қызы әкесінің есімімен байланысты бұрмалаушылықтарға наразы болды.
«Айға қону суреттерін әкем бұрмалап, түсірген дей ме? Түк түсінсем бұйырмасын! Адамзаттың ұлы қорғаушыларының бірі осындай опасыздық жасайды дегенге қалай сенуге болады?» – деді ол Esquire басылымының тілшісіне берген сұхбатында.
Төртіншіден, австронавтардың Айға қонуына сөзсіз дәлелдер бар. Оның ішінде – фотосуреттер мен бейнелер, сондай-ақ Айдан әкелінген топырақ үлгілері бар. 
Қорыта айтқанда, «Стэнли Кубриктің мойындауы» фейк. Видеодағы адам Кубрик емес, оған ұқсас актер. Айға қону – бұрмалау емес, тарихи факт, оны растайтын дәлелдер жеткілікті.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button