Fake News
Фейк: «Астанада үкіметтік ғимараттар арасында жасырын жерасты тоннелі бар»
Қазнет пайдаланушылары Астанада жер астында қала бар екендігі туралы видеоны талқылауда. Шенеуніктер үкімет ғимараттары арасында жылы жерасты тоннельдері арқылы жүреді. Бұл құпия желі президент сарайын, парламент, министрліктер үйін және басқа да әкімшілік ғимараттарды байланыстырады екен.
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Бұл видео жалған.
Үкімет ғимараттарын байланыстыратын жылы тоннельдері бар ешқандай жерасты қаласы жоқ.
Өкінішке орай, адамдарды шатастыратын тағы бір фейк ақпарат таратылып жатыр», – деп хабарлады ведомство өкілі.