Манипуляция

Манипуляция: «Локдаунға қарсы шыққан талантты дәрігер ессіз деп танылды»

Танымал қазақстандық Telegram-чаттарда Швейцарияда жетекші кардиолог Томас Биндер карантиндік шараларға қарсы шыққаны үшін ессіз деп танылып, психиатриялық ауруханаға жатқызылғаны туралы жазылды.  Бұл өтірік. Неге екенін түсіндіріп өтейік.

Доктор Томас Биндер деген адам бар және ол COVID-19 пандемиясы – бұл жоспарланған шара, шындығында ешқандай ауру жоқ деп бірнеше рет мәлімдеген болатын.

Алайда, бұл жағдайдың оның психиатриялық клиникаға жатқызылуына жанама әсері бар.

Жағдай былай болды: 2020 жылдың сәуір айының басында Швейцариядағы Баден округінің полициясына 58 жастағы дәрігер Томас Биденнің әлеуметтік желілерде билік пен өз отбасы мүшелеріне қоқан-лоққы көрсетіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Биден қамауға алынып, учаскеге жеткізілді. Онда оның басқаларға қауіп төндіруі мүмкін екендігі анықталып, ол психиатриялық клиникаға мәжбүрлеп емдеуге жіберілді. Онда ол бір апта ғана болды, содан кейін оның адвокаты жергілікті билікке шағым түсіріп, полицияның іс-әрекетіне қатысты тергеу жүргізуді талап етті.

Тергеу көрсеткендей, тәртіп сақшылары тарапынан бұзушылықтар болмаған.

Демек, доктор Томас Биденнің көзқарасының оны қамауға алуға жанама әсері бар. Ол билікке және туыстарына ашық түрде қоқан-лоққы көрсеткені үшін ұсталды. Биден ұсталған кезде айналадағылар үшін қауіпті болып көрінгендіктен, психиатриялық клиникаға орналастырылды.

Демек, таралған хабарламалар манипуляция болып табылады. Дәрігерді локдаунға қарсы шыққаны үшін ессіз деп танылмаған.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button