Fake News
ІІМ Маңғыстау облысына әскерилер кіргізілгені туралы ақпаратты жоққа шығарды
Telegram-да Маңғыстау облысына оқ-дәрілермен әскери қызметшілер жіберілгені туралы видео таратылуда. Бұл ақпаратты ҚР Ішкі істер министрлігі жоққа шығарды.
– Бұл чатта жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салады, – деп хабарлады ведомстводан.