Фейк: «Вакцинадан болатын өлім суицидке тең»
Қазнетте Германиядағы сот COVID-19 қарсы вакциналардан болатын өлім суицидке тең деген шешім шығарды деген ақпарат тарады. Бұл қауесет қайдан шықты және неге оған сенудің қажеті жоқ? Түсіндіріп өтейік.
Ақпаратта дереккөзге сілтеме бар. Ол арқылы ADAC неміс сақтандыру компаниясы туралы ескертпесі бар сайт ашылады, ол келісімшартқа егер клиентке жаппай вакцинация нәтижесінде зиян келтірілсе, сақтандыру төлемдері төленбейтіні туралы тармақ енгізді. Алайда, мәтінде мұндай белгінің компания шарттарында 2007 жылдан бері бар екендігі айтылмаған және ол тек міндетті вакциналарға ғана қатысты. COVID-19-ға қарсы екпелер олардың қатарына кірмейді, яғни шартта көрсетілген тармақ оларға жатпайды.
Correctiv неміс порталы Германияда өмірін сақтандырған және вакцинация нәтижесінде қайтыс болған тұрғындарға төлемдер беріледі деп жазды. Сондай-ақ төлемдер вакцинациядан бас тартып, COVID-19 салдарынан қайтыс болғаннан кейін төленеді.
Вакцинацияны суицидке теңеуге келетін болсақ, бұл да тағы бір жалған оқиға.
Биыл қаңтар айының басында Желіде француз соты вакциналардың қауіпсіздігі расталмағандықтан және күмәнді болғандықтан, COVID-19 қарсы вакцинаға болған реакция салдарынан қайтыс болған ер адам өзін-өзі өлтірді деп шешім шығарған.
AFP және Correctiv фактчекерлерінің тексеруінің нәтижелері көрсеткендей, бұл оқиға толығымен ойдан шығарылған. Францияда бірде-бір сот мұндай шешім шығармаған, ал таралған оқиғада айтылған адвокат сипатталған іске қатысы барын жоққа шығарды.
Қорыта айтқанда, таралған ақпарат – бұл біріктірілген екі фейк оқиға, олардың әрқайсысы бөлек жоққа шығарылған болатын. Демек, соттар вакцинаға болған реакциядан болатын өлімді суицидке тең деген теорияға сенуге негіз жоқ.