Конспирология

Фейк: «5G көмегімен басқаруға болатын ДНҚ жасап шығарылды»

Қастандық теорияларын жақтаушылар ғалымдар 5G желілері арқылы басқарылатын ДНҚ молекуласын жасап шығарды деп жазуда. Мұндай әзірлеме кез келген тіршілік иесін еріксіз және көнгіш етеді екен. Бұл шындыққа жанаспайды.

ДНҚ молекуласы – аденин, тимин, гуанин және цитозин нуклеотидтерінен тұратын қос қабат спираль. Олар радио толқындарын қабылдамайды және таратпайды.
Жасанды ДНҚ бар. Оны 2019 жылы Ұлыбритания ғалымдары әзірлеген. Олар табиғи «аналогтан» ДНҚ тізбегі қысқа болатынымен ерекшеленетін бактерия жасады. Ғалымдар бұл синтетикалық бактерияны зертханадан тыс шығаруды жоспарламаған. Сонымен қатар олар бактериялардың мінез-құлқын бақылауды мақсат етті. Осылайша, ДНҚ-ны қайта жасауға және оның қаншалықты өміршең болатынын тексермек болған. 

5G желілері радио толқындардың көмегімен жұмыс істейді. Технология 4G, Wi-Fi және полиция радарларының жиіліктерін пайдаланады. Бұлардың ешқайсысы ДНҚ-ға әсер етпейтіні анық. Бұл ғылыми зерттеулермен дәлелденді. Оның аясында тышқандардың әртүрлі тіндеріне Wi-Fi желілерінің ұзақ уақыт әсері текерілген. Тәжірибе барысында технологияның жасушаларға айтарлықтай әсер етпейтіні анықталды.
5G желілері қандай да бір жолмен адамдарды құлға айналдырады, олардың ерік-жігерін басып, белгілі бір ойларға итермелейтіні туралы теориялар конспирологиялық болып табылады. Оларға ешқандай дәлел жоқ. Бұған дейін біз мұндай идеяларды жоққа шығарған болатынбыз. 5G – бұл құпия қару емес, жаңа байланыс форматы.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button