Fake News

Фейк: «Бұралу өрістері емдік қасиеттерге ие»

Әлеуметтік желілерде бұралу өрістері туралы ақпарат тарады. Оларды қалыптастыратын құрылғылар емдік қасиеттерге ие екен. Бұл жалған.

Бұралу өрісі – бұл кеңістіктің бұралуына байланысты пайда болатын гипотетикалық физикалық өріс. Бұл атау «torsion» деген француз сөзінен шыққан, яғни «бұралу». Сондай-ақ бұл өрістерді спиндік, аксиондық, спинорлық немесе микролептондық деп атайды.
«Бұралу тензорының» шамасы Эйнштейн-Картанның ауырлық күші туралы теориясына қатысты.
Спин тензоры қисықтың жанама векторының айналасындағы айналуын сандық түрде көрсетеді. Бұл ауырлық теориясын жалпы салыстырмалылықтан айтарлықтай ажыратады.
Алайда, бұралу өрістері, оларды зертханалық жағдайда анықтау және зерттеу нәтиже бермегендіктен гипотетикалық болып саналады. Осыған қарамастан, бұралу өрістері туралы псевдоғылыми болжамдар бар.
Ең танымалы – кеңестік ғалымдар және «Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының» (РЖҒА) мүшелері Акимов-Шиповтың «бұралу өрістерінің теориясы». Теорияны Акимов 1980 жылдары ұсынған. Ал 1986 жылы алғашқы зертханалық зерттеулер басталды. Кейінірек теорияға «физикалық вакуум теориясы» кітабын жазған Шипов қосылды.
Ғалымдардың пікірінше, бұралу өрістерінде басқа физикалық өрістерге қарағанда энергия жетіспейді. Бұл ретте олар кеңістік-уақыттың барлық нүктелерінде бар ақпаратты бірден тасымалдай алады.
Акимов мен Шипов ұсынған ережелер физика заңдарына қайшы келеді. Атап айтқанда, олардың кітабында, мысалы, вакуумның физикалық тұжырымдамасы ежелгі шығыс халықтарының идеяларымен байланысты, сонымен бірге қазіргі нәрсенің бәрі ұлы бостықтан пайда болған деп жазылған.
Олардың жалған ғылыми теориясы бойынша бұралу өрістерін әртүрлі салаларда қолдануға болады – қорғаныс өнеркәсібі объектілерін жасаудан бастап адамдарға психофизикалық әсер етуге дейін. Сондай-ақ бұралу өрісі бар құрылғылармен сиыр сүтін көбейтіп, ғарышта оқтұмсықтарды жою көзделген болатын.
Кеңес Одағында теорияны всевдоғылыми деп атай бастағанға дейін өрістерді зерттеу және технологияларды дамыту үшін 500 миллион рубль бөлінді. Бұл идея 1991 жылы академик Александровтың сынынан кейін әшкереленді. Зерттеулер әдістемелік тұрғыдан дұрыс жүргізілмегені анықталды, ал тәжірибе барысында сүйенген кейбір ғалымдардың оған еш қатысы болмаған.
Кейіннен Акимов «Халықаралық теориялық және қолданбалы физика институты» атты жеке ұйымын құрып, зерттеуді жалғастырды, содан соң ұйым атауы «ЮВИТОР» болып өзгертілді. Бірақ ғылыми қоғам оның теориясын ақыры қабылдамады.
Яғни, бұралу өрістері туралы теориялар ғылыми дәлелденбеген, ал певдоғалымдар Акимов пен Шипов оны өз мақсаттарына пайдаланған. Оны Акимовтың 1996 жылы жақын арада ұшатын табақша және бұралу өрісі арқылы жұмыс істейтін басқа қозғалтқышсыз көлік жасап шығаратыны туралы сөзінен байқауға болады. Сонымен қатар бұралу өрісінің генераторларын қолдана отырып, қатерлі ісікке қарсы препараттар жасау, Яузу өзенін тазарту және т.б. жоспарланған болатын. Бірақ бұл уәделердің ешқайсысы орындалмады.
Демек, бұралу өрістері мен өріс жасаушы құрылғылардың керемет пайдалы және емдік қасиеттері туралы барлық пікірлер ғылымға қарсы фейк болып табылады.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button