Конспирология

Фейк: «2025 жылға қарай ел халқы толық чиптеледі»

Әлеуметтік желілерде тараған роликте ер адам 2025 жылға қарай ел халқы толықтай чиптелетініне «күмән жоқ» деп мәлімдейді. Чиптерді адамдарға COVID-19 қарсы вакциналармен бірге егіледі екен. Мұның бәрі өтірік.

Видеодағы ер адам – орыс педагогі, публицист және дін маманы Александр Осипов. Ол әр түрлі телешоулар мен ток-шоуларға ұдайы қатысады және кейде ғылымға қарсы және негізсіз мәлімдемелер жасайды. 
Олардың бірі – «еліміздің» халқын чиптеу туралы айтқан сөзі. Сонымен қатар оның Қазнетте тараған сөзінің видеосы қысқартылған түрде және ашқандай жазабсыз таралуда. Яғни, оның нақты қай ел туралы айтып жатқанын бұл үзіндіден түсіну мүмкін емес.
Бірақ Желіде оның сөзінің толық нұсқасы бар. Ол онда өз сөздерінің «дәлелі» ретінде Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінің 2007 жылғы 08 шілдедегі № 311 бұйрығын келтіреді. Онда адамдарды жаппай чиптеу жоспарлары көрсетілген екен.
Мұндай бұйрық бар. Ол «Ресейдің электронды индустриясын дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиясын бекіту туралы» деп аталады. Құжаттың бір бөлігі жаңа технологияларды, заттар интернетін және басқа да инновацияларды дамыту перспективаларына арналған. Алайда, бұйрықта адамдарды чиптеу туралы айтылмайды.
Ресей Федерациясы Үкіметінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы №20-р өкімінде адамдарға электронды құрылғыларды енгізу туралы айтылмаған, онда елдің электронды өнеркәсібін дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиясы бекітілген.
Бұл Александр Осиповтың сөздерін жоққа шығарады. Аталған құжатта халықты чиптеу туралы ештеңе жазылмаған.
COVID-19 қарсы вакциналарда чиптер бар деген тезис те жалған. Бұл – 2000-шы жылдардың басында, доңыз тұмауы пандемиясы кезінде шыққан қастандық теориясы.

 

Фейк: «Вакциналармен чиптеу туралы 1989 жылы ескертілді»

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button