Fake News

Денсаулық сақтау министрлігі оқушыларды міндетті ПТР-тестілеу туралы хабарламаны жоққа шығарды

Қазнетте бұдан былай аурып, сабақтан қалған оқушылар нәтижесі теріс COVID-19 ПТР-талдауын ұсынуға міндетті екендігі туралы хабарлама таратылуда. Бұл ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

Ведомство өкілдері ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің және облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің қаулыларында оқушыларда міндетті түрде ПТР-тестілердің болуына қойылатын талаптар қарастырылмағанын жеткізді.

– Мектеп әкімшілігінің бұл талаптары заңсыз.«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында коронавирустық инфекциямен ауырған немесе онымен байланыста болған оқушылар үшін білім беру ұйымында болу үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің жоқтығы туралы дәрігердің медициналық қорытындысының болуы ғана қарастырылған, – делінген Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.

Мектептердегі заңсыз талаптарды растайтын скриншотта бұл оқиғаның Қарағанды облысының Сәтбаев қаласында орын алғаны көрсетілген. Алайда, аймақтың санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, Сәтбаев қаласының бас санитарлық дәрігері де оқушыларға осындай талаптар қоймаған.
Қорыта айтқанда, аурып, сабақтан қалған оқушылар COVID-19 ПТР талдауын тапсыруы керек деген қауесет шындыққа жанаспайды.
Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты t.me/stopfake_kz Telegram-арнасынға немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button