Фейк аккаунттар

Қазақстандықтарды төленген ҚҚС қайтарылады деп алдауда

Қазнетте тұрғындарға соңғы 4 жылда төленген ҚҚС-ның бір бөлігі қайтарылатыны туралы бейнеролик тағы да тарады. Ролик авторының айтуынша, банк картасының деректерін сайттағы арнайы жолаққа енгізе отырып, белгілі бір «өтемақының» 1 737 000 теңгеге дейін алуға болады. Бұл – алаяқтық.

Скриншот из видео

Ролик авторы баруды ұсынған «Төленбеген ақша қаражатын қайтару» Бірыңғай Өтемақы орталығының сайтында 34/16325к қаулысына сәйкес, ҚҚС 18 жастан асқан адамдарға қайтарылатыны жазылған. Алайда, қаулыны қай органның қабылдағаны белгісіз. Сондықтан құжаттың барын тексеру қиынға соғады.
ҚҚС қайтару туралы сыбыстар Қазнетте бұған дейін де тараған. Оларды ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті теріске шығарды.

«Ойдан шығарылған қаржыны қайтару туралы нұсқаулық барысында автор көрерменге өз деректерін, банк картасының нөмірін, сондай-ақ псевдозаңгерлер қаражатыңызды иемдене алатын CVV/CVC кодын көрсетуді сұрайды. Бейнежазбада немесе жалған сайттың өзінде жағымды пікірлер болуы мүмкін, бұл да шындыққа жанаспайды», – делінген ведомствоның ресми хабарламасында. 

Бұрын хабарланғандай, мұндай алаяқтық схемасы туралы Ресейде де ескертілген болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button