Фейк аккаунттар

Онлайн алаяқтықтың жаңа схемасы: жеке хат-хабарларға қолжеткізу

Әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтықтың Қазақстандағы жаңа схемасы туралы ескертетін посттар жариялануда. Зиянкестер өздерін достары және таныстарымыз деп алдау арқылы What’s App қолданушыларының жеке хат-хабарларына қолжеткізеді.
Алаяқтық құрбандарына достары мен таныстарының атынан қателесіп жіберілген кодтар жазылған хабарламаларды қайта жіберуін өтінген хабарламалар келіп түседі.

– Бүгін сыныптастасым жазыпты. Жұмысымда қарбалас болып, мән-жайлы анықтамастан 6 таңбалы код көрсетілген СМС-ті оның WhatsApp-ына жібердім. Осыдан кейін Ватсабым мұлдем істемей қалды!!! Енді қайта кіре алмай, ештеңе істей алмай отырмын, – деп жазған зардап шеккендердің бірі Instagram-да. 
Осылайша, алаяқтардың пайдаланушылардың жеке аккаунттарына кіретіні осы жылдың қаңтар айында . белгілі болды.
Бастапқыда хакерлер өздерін What’s App қолдау қызметінің қызметкерлері ретінде таныстырған. Бірақ Wabetainfo ресми порталы What’s App қызметтері пайдаланушыларға хабарламаларды өте сирек жіберетінін және жіберушінің аккаунтының атауына қарама-қарсы әрдайым тексеру белгісі болатынын хабарлағаннан кейін схема өзгерді.

Енді қаскүнемдер өздерін аккаунтын бұзған адамның достары мен таныстары ретінде таныстырады.
Егер осындай хабарлама келсе, немесе күмәнді сілтемелер немесе ақпарат ұсынылған басқа мәтін болса, WhatsApp қолдау қызметі тікелей қосымшаның өзінде дереу жіберушінің нөміріне шағымдануға, хабарламаны елемеуге және тіркелген сілтемелер бойынша өтпеуге кеңес береді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button