Фейк: «Студенттер үшін ревакцинация COVID-19 жұқтыруға қарағанда 98 есе қауіпті»
Желі қолданушылары COVID-19-ға қарсы ревакцинация жастар үшін аурудың өзінен 98 есе қауіпті екендігі туралы ғылыми зерттеуді талқылауда. Зерттеу бұл тезисті растай ма, жоқ па, анықтайық.
Ревакцинацияның аса қаупі екені туралы ескерткен пайдаланушылар осы жылдың 12 қыркүйегінде жарияланған зерттеуге сүйенеді. Ол «Жастарға арналған COVID-19 қарсы бустерлік вакциналар: қауіп пен пайданы бағалау және университеттердегі мандаттарға қарсы бес этикалық дәлел» деп аталады.
Жұмыстың авторы – доктор Кевин Бардош. Ол қолданбалы медициналық антрополог және денсаулық сақтау саласындағы жұмыс пен саясатты жақсарту үшін әлеуметтік ғылымдарды қолдануға және қоғамдастықтың қатысуына мамандандырылған маман.
Оның зерттеуінің мазмұны туралы айтпас бұрын, оның алғы сөзі ғана қол жетімді екенін атап өткен жөн. Желіде 50 беттен тұратын жұмыстың толық мәтіні жоқ.
Алғы сөзде жұмыс авторлары АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының, сондай-ақ зерттеу демеушілерінің деректері негізінде тәуекел мен пайданың арақатынасын бағалағаны айтылған. Алайда, есептеулер қалай жүргізілгені белгісіз, өйткені олар алғы сөзде көрсетілмеген.
Демек олардың дұрыстығын тексеру мүмкін емес.
Алайда, авторлардың айтуынша, бұрын COVID-19 жұқтырмаған жастарда ауруханаға жатқызудың алдын алудың бір жағдайына жастардың күнделікті қызметіне кедергі келтіретін 18-ден 98-ге дейін жағымсыз құбылыстар болады деп күтілуде. Яғни, вакциналар ауруға қарағанда 98% қауіпті емес. Бұл фактілерді бұрмалау және манипуляция болып табылады.
Одан әрі зерттеудің алғы сөзінде міндетті ревакцинацияның қоғамға әсері туралы және мұндай талаптардың әлеуметтік аспектілері қарастырылған. Зерттеуде вакциналардың зияны немесе қауіптілігі туралы мүлдем айтылмағанын атап өткен жөн. Сондай-ақ COVID-19 қарсы вакцинацияны толығымен алып тастау бойынша ешқандай дәлел жоқ.
Демек, COVID-19-ға қарсы ревакцинация аурудың өзінен гөрі 98 есе қауіпті деген ақпарат жалған. Біріншіден, бұл тезис толық мәтіні қолжетімді емес зерттеуге негізделген. Екіншіден, зерттеудің баршаға қол жетімді алғы сөзінде мұндай мәлімдемелер жоқ. Үшіншіден, алғы сөзде келтірілген көрсеткіштер нақты болмауы мүмкін, өйткені бұл тек болжам ғана және осы көрсеткіштер алынған есептеулер жарияланбаған.