Фейк: «Үнді сарбаздары COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін жаппай өлуде»
Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алған сарбаздардың жаппай қайтыс болғаны туралы бейнеролик таратуда. Кадрларда ғимаратта еденде жатқан жас әскери қызметшілер мен оларға көмектесуге тырысқан адамдар тобы көрсетілген. Алайда, бұл жағдайдың КВИ қарсы вакцинацияға ешқандай қатысы жоқ.
Бұл ролик биыл тамыз айында желінің ағылшын тілді сегментінде кеңінен тараған. Сондай-ақ, онда видеода көрсетілген сарбаздар COVID-19 қарсы вакцина алғаны және олардың кенеттен қайтыс болуына нақ осы себеп болғанын айтылған.
Шын мәнінде, кадрлар осы жылдың 21 тамызында Үндістанда өткен төзімділік жарыстары кезінде түсірілген. Қатты ыстық пен ылғалдылық жоғары болғандықтан 34 сарбаз есінен танып қалған. Ол кезде жарыс 72 сағатқа созылғандығы белгілі, ал әскери қызметшілер есін жоғалтпас бұрын толық жабдықпен және оқ-дәрімен 10 шақырым жерді жүріп өткен.
Зардап шеккен сарбаздардың барлығы ауруханаға ыстық өту белгілерімен жеткізілді. Олардың бірі қайтыс болды, бірақ бұл COVID-19 қарсы вакцинациямен байланысты емес.
Демек, видеода көрсетілген жағдай КВИ қарсы вакцинацияланған сарбаздардың жаппай өлімі емес. Кадрларда ыстық күнде жарыс кезінде ыстық өткен әскери қызметшілер көрсетілген.
Видеоның COVID-19-ға және ауруға қарсы вакцинацияға қатысы жоқ екендігін шетелдік басылымдар да хабарлады.