Конспирология

Фейк: «Дауылдарды басқаратын технология жасалды»

Әлеуметтік желілерде пайдаланушылар АҚШ үкіметінде дауылдарды бақылай алатын технология бар деп жазуда. Яғни, соңғы жарты ғасырда болған барлық табиғи апаттар қолдан жасалды. Бұл өтірік.

Дәлел ретінде 1947 жылы АҚШ-та дауылды басқару технологиясын жасау үшін іске қосылған Cirrus жобасы туралы айтылады.
Шын мәнінде, Cirrus жобасы дауылдар мен оларға төтеп беру жолдарын зерттеуге арналған. АҚШ билігі адамдар мен олардың мүлкін құтқару үшін болатын дауылдарды таратудың жолын табуға үміттенді.
Жоба бастамашыларының идеясы дауыл кіндігіне құрғақ мұз тастауға негізделді. Гипотеза АҚШ жағалауына жетпей, теңізге бағытталатын дауылда сыналды. Алайда, құрғақ мұз тасталғаннан кейін, дауыл бағытын өзгертіп, Джорджияға соғады. Осыдан кейін Cirrus жобасы тоқталды, бірнеше жыл өткен соң мұз тастаудың траекторияның кенеттен өзгеруіне мүлдем қатысы болмағаны дәлелденді.
1962 жылы Cirrus жобасының идеялары жаңа Stormfury жобасында көрініс тапты. Бұл жолы ғалымдар дауыл індігіне күміс йодидін тастамақ болды. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл дауылдың бұрынғы эпицентрін әлсіретіп, диаметрі үлкен жаңасын қалыптастыруға септігін тигізеді. Теориялық тұрғыдан бұл дауылдың таралуына әкелуі тиіс болатын. Технология елді мекендерден алыс жерде сыналды. Төрт жағдайда жел 10-30% басылды, қалғандарында дауылдың күші өзгерген жоқ. 1980 жылдары ғалымдар дауылдың пайда болу механизмдерін жақсырақ зерттеп, олардың мінез-құлқын дәл болжай алған кезде, төрт сынақта желдің төмендеуі күміс йодидін тастаудың әсерінен емес, табиғи себептерге байланысты болғаны анықталды. 1983 жылы Stormfury жобасы ешқандай нәтиже бермей, тоқтатылды.
Демек, АҚШ билігінде дауылды бақылау технологиясы жоқ. Сонымен қатар Cirrus және Stormfury жобалары апаттарды бақылау үшін емес, оның жойқын салдарының алдын алу үшін жасалды.
Демек, таралған хабарлама бұрын тоқтатылып, нәтижесіз болған жобалар туралы ақпаратқа негізделген фейк болып табылады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button