Мемлекеттік кірістер комитеті Жамбыл облысы кәсіпкерлерінің «хатына» қатысты пікір білдірді
Бірнеше күннен бері қазақстандықтар бір-біріне «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы қол қойған “Қаржы министрлігі жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық туралы хатты”жіберуде. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті бұл құжат фейк деп мәлімдеді.
Қайдан шыққаны белгісіз құжат бірнеше күн бұрын желіде таратыла бастады. Ол ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысына, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағаларына арналған. Онда «Жамбыл облысының Мемлекеттік кірістер органдарындағы сыбайлас жемқорлықтың көптеген фактілері» туралы айтылған. Құжатқа «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының мүшелері қол қойған, 50-ге жуық ұйым аталған.
Мемлекеттік кірістер комитеті редакциямыздың сауалына жамбылдық бизнесмендердің үндеуі фейк екенін хабарлады.
– 2020 жылғы 23 қыркүйекте БАҚ-та кәсіпкерлердің бұл хатқа қол қоймағаны туралы «Атамекен» ҰКП ресми мәлімдемесі жарияланды. ҚР ҚМ көлеңкелі экономиканы төмендету бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Кез келген сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізу басым бағыттардың бірі болып табылады, – дейді ведомстводағылар.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды лауазымды тұлғалардың тәртіпсіздігі немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтармен байланысты әрекеттері белгілі болған фактілер туралы 8(7172) 71-80-05 (сенім телефоны) немесе 8(7172) 70-98-22 телефондары арқылы хабарлауға шақырады.