Fake News

Фейк: «Бананнан кішкентай паразиттер табылды»

StopFake.kz редакциясына хабарласқан оқырман бір видеоны тексеруді сұрады. Кадрларда ер адам микроскоппен бананның бөлігін қарап отырып, паразиттерді анықтаған. Бұл роликке сенудің қажеті жоқ. Неге екенін түсіндірейік.

Бұл видеоның түпнұсқасы @mir_glazami_microscopa Tik Tok аккаунтында шыққан. Роликке ешқандай пікір жазылмаған. Алайда, бұл аккаунтта мағынасы жағынан ұқсас басқа видеолар көп.

Олардың бірінде автор жүгерінің собығынан паразиттер табады, одан кейін оны пісіріп, ештеңе болмағандай жеп алады. Екіншісінде – шұжықтан жасыл бөлшектерді, талшықтарды және шығу тегі белгісіз элементтерді анықтайды. Басқа роликтерге қарағанда шұжық туралы видео астынан пікір жазылған. Мәтінде оның фейк екені айтылған. 

Осы парақшада шұжық туралы видео бірнеше рет жарияланған. Роликтің бір нұсқасы – толық.  Онда автор бұл кадрларды жасау үшін ол шұжықты матамен әдейі ұстаған, сондай-ақ компьютердің пернетақтасына және басқа да таза емес беттерде қойған.

Сондай-ақ парақшада жеміс пен көкөністе кездесетін құрттар туралы видеолар бар, бірақ көрмей қалатындай олардың ірі екенін маман емес те байқайды. Автордың «тәжірибені» қасақана бұрмаланғанын мойындағанын ескерсек, ол адамдарды алаңдатарлық видео түсіру үшін ол үлгілерге құрттарды салып, микроскоппен қараған деп пайымдауға болады.

Яғни, бананан паразиттердің табылғанына ешқандай дәлел жоқ. Көрермендерді осы жемісті жеу қауіпті екеніне сендіру үшін автор видеоны монтаждаған болар. Сонымен қатар дәл осы автор бұған дейін қорқынышты видеолар түсіру үшін үлгілерді әдейі ластағанын мойындаған болатын.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button