Fake News

Фейк: «Еуроодақ COVID-19 қарсы вакцина жасаудан бас тартқандарға шенген визасын бермейді»

Қазақстандықтар Еуроодақтың жаңа ережелер енгізетіндігі туралы жаңалықты талқылауда – шенген визасын алу үшін Pfizer немесе Moderna өндірген препараттармен COVID-19-ға қарсы вакцинациялау туралы белгісі бар «вакциналық еуропаспортты» ұсыну қажет болады. ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

– Еурокомиссияның, Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің, Еуропалық Парламенттің ресми сайттары қаралды. «Вакциналық паспорттар» деп аталатын құжатты енгізу туралы ақпарат табылған жоқ. Қазақстан бойынша Еуропалық сыртқы іс-қимыл қызметінің кураторымен телефон арқылы сөйлестік, ол қазіргі уақытта ЕСІҚ-да мұндай ақпарат жоқ екенін, осы тақырыпта қандай да бір ресми талқылаулар өткізілмегенін хабарлады, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

ЕСІҚ өкілі алдағы 2-3 айда шенген визаларын алу үшін талаптар өзгермейтінін түсіндірді. Сонымен қатар, «ковидтік паспорттарды» енгізу үшін ЕО-ның барлық 27 мүшесі бұл мәселені талқылап, келісілген шешім қабылдауы керек, ал бұл көп уақытты қажет етеді.

– Жоғарыда айтылғанды және осы ақпараттың (дереккөзге/-дерге қандай да бір сілтемесіз) БАҚ-тан емес, «Мастер пера» телеграм арнасынан алынғанын назарға ала отырып, ол шындыққа жанаспайды деп санаймыз, – делінген ҚР СІМ хабарламасында.

Электрондық COVID-паспорттары бірнеше елде әзірленіп жатыр. Бұл – арнайы мобильді қосымшалар, олар пайдаланушының медициналық мәліметтерін, соның ішінде COVID-19 анықтау бойынша тест нәтижелерін және вакцинация деректерін қамтиды. Алайда, бүгінгі күні бұл қосымшалардың ешқайсысы әлем елдерінде міндетті болып саналмайды.
«Электрондық COVID паспорттары» туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз. 

Баршаңызды тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырамыз! Жаңалықтың шынайылығын біздің порталдың көмегімен тексеруге болады. Өзіңізді қызықтырған ақпаратты : t.me/stopfake_kz Telegram-арнасына немесе +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне жіберіңіз.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button