Конспирология

Дәлелсіз: «Бес жылдан кейін қолма-қол ақшаға тыйым салынады»

Қазнетте бес жылдан кейін бүкіл әлемде қолма-қол ақшаға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Осылайша, билік қандай да бір себептермен ұнамағандардың шоттарын бұғаттау арқылы адамдарды басқаратын болады. Мұның бәрі өтірік.

Қолма-қол ақша шынымен жылдан-жылға аз пайдаланылып келеді. Алайда, бұл біреу тыйым салғандықтан немесе біреудің бәрін бақылауға деген ұмтылғандықтан емес, адамдардың ыңғайлы форматта сатып алуға деген ниетінен болып отырған жағдай.
Болашақта қолма-қол ақшаға тыйым салынады деген ақпарат – конспирологиялық теория. Ол COVID-19 пандемиясының басталуымен кеңінен тарады. Кейбір пайдаланушылар пандемия – бұл адамдарды қолма-қол ақшадан бас тартуға мәжбүрлеу үшін жасалған «қойылым» деп ойлады.
Әрине, бұл олай емес.
Қолма-қол ақшасыз қоғам туралы идея пандемияға дейін пайда болды. Банкноталар мен монеталардан бас тартудың артықшылықтары мен кемшіліктері туралы мақалалар 1990 жылдары жарияланған. Алайда, ол кезде қоғам мұндай қадамға дайын болған жоқ. Ал қазір адамдардың өздері банк карталарымен, жедел аударымдармен немесе төлем жүйелерінің көмегімен төлеу мүмкіндігін таңдайды.
Мысалы, Швеция қазірдің өзінде қолма-қол ақшасыз қоғам болып саналады. Алайда елде банкноттарды пайдалануға ешкім тыйым салған жоқ. Шведтер мен ел қонақтары шоттағы ақшаны банкоматтардан ала алады, ал шағын дүкендер төлемді қолма-қол ақшамен қабылдауға дайын. 
Сонымен қатар Швецияда банктер өз клиенттеріне қолма-қол ақша мен банкоматтарға қол жеткізуге міндетті деген заң бар.
Қолма-қол ақша Финляндияда, Норвегияда және Жаңа Зеландияда іс жүзінде қолданылмайды, бірақ оған тыйым салынбайды. Бұл елдердегі барлық төлемдердің 2%-ы банкноталар мен монеталар арқылы жүзеге асырылады.
USA Today порталы Гарвардтың маркетинг профессоры Шелле Сантананың сөздерін келтіреді. Оның пікірінше, жақын арада қолма-қол ақшаны пайдалану айтарлықтай төмендеуі мүмкін, бірақ қолма-қол ақшасыз қоғам болады деп ойламау керек. Қолма-қол ақша әлі де басып шығарылады және сыйлық, бос уақытында толық емес жұмыс істегісі келетіндерге жалақы төлеу үшін немесе заманауи технологияларды қолдану қиынға соғатын егде жастағы адамдарға төлем құралы ретінде пайдаланылады.
Қорытындылай келе, әлемде қолма-қол ақшаға тыйым салу туралы мәселе қарастырылып жатқан жоқ. Бүгінгі күні басым көпшілігі қолма-қол ақшаны пайдаланбайтын елдерде де банкноталар әлі де басып шығарылады және төлем құралы ретінде қабылданады.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button