Фейк: «Дэвид Рокфеллер жаһандық дағдарыс пен жаңа әлемдік тәртіп туралы 1994 жылы айтқан»
Желіде Chase Manhattan Bank бас директоры Дэвид Рокфеллердің дәйексөзі тарады. Онда ол адамдарды жаңа әлемдік тәртіпті қабылдауға өз еркімен келісуге итермелейтін жаһандық дағдарыс ұйымдастыруға шақырады. Бұл шындыққа жанаспайды.
Хабарламаға сәйкес Дэвид Рокфеллер бұл туралы 1994 жылы 14 қыркүйекте БҰҰ конференциясында айтқан. Бұл күні БҰҰ конференциясы болмаған, бірақ Дэвид Рокфеллер қатысқан БҰҰ елшілерінің жыл сайынғы кешкі өткен.
Ол онда сөз сөйледі, бірақ дағдарыс пен жаһандық төңкеріс жасауға шақырмаған. Рокфеллер өз сөзінде былай деді:
«Алайда, бүгінде бейбіт және өзара байланысты әлемдік тәртіп орнатуға болатын мүмкіндіктер алаңы ұзаққа болмайды. Қазірдің өзінде біздің үмітімізді өшіріп, жаһандық ынтымақтастықтың тұрақты құрылымын құру әрекеттері жасалуда. Мен бұрыннан бар ұлттарды бөлуге тырысатын этникалық ұлтшылдықты жақтаушылар және өздерінің қатал идеологиясымен келіспеген адамды бағындыруды немесе жоюды көздейтін жауынгер фундаменталистер туралы айтып тұрмын.»
Фактчекерлер де Рокфеллердің жаһандық дағдарысты ұйымдастыру және жаңа әлемдік тәртіпті орнату қажеттілігі туралы айтпағанын растады.