Медициналық фейктер

Фейк: «Сымсыз құлаққаптар қатерлі ісік ауруын тудырады»

Қазнет пайдаланушылары сымсыз құлаққаптар мен басқа да гаджеттердің қауіптілігі туралы ескертуде. Мұндай құрылғылар қатерлі ісік ауруын тудыратындықтан екі жүзден астам ғалым оларды қолдануға қарсы петицияға қол қойған екен. Мұның бәрі шындыққа жанаспайды.

Сымсыз құлаққаптар құлаққа еніп, миды «сәулелендіретіндіктен» онкологиялық аурулар тудырады деген қауесет Желіде 2019 жылы тараған. Бірақ онда пайдаланушылар петицияға қазіргідей 250 емес, 200 ғалым қол қойды деп айтқан болатынн. Шындығында, ғалымдар сымсыз гаджеттерге тыйым салу туралы петицияға мүлдем қол қоймаған. Таратылған хабарламада ғалымдар тобының адамдарға арналған ұялы телефондар мен сымсыз құрылғылардан келетін иондаушы емес сәулеленудің қауіпсіздігін мұқият зерттеу туралы өтініштері жайлы айтылды. Мәтінде оларды пайдалануға тыйым салу туралы сөз жоқ. 
Сонымен қатар әр түрлі елдердің зерттеушілері тәжірибелер жүргізіп, сымсыз құрылғылардың, әсіресе құлаққаптардың адамдар үшін қауіпті екенін анықтады. Америкалық қатерлі ісік қоғамының мәліметі бойынша, сымсыз құлаққаптар жұмыс істейтін Bluetooth-дан ұялы телефонға қарағанда әлдеқайда аз радио толқындар шығады. 
2019 жылы жүргізілген зерттеу сымсыз құлаққаптардың сәулеленуі ұялы телефонға қарағанда 10-400 есе әлсіз екенін дәлелдеді.
АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасының сайтында 1999 жылы ұялы телефондардың жаппай тарала бастағаннан қазіргі уақытқа дейін ми ісігі ауруларының саны өспегені туралы ақпарат бар. Керісінше, бұл көрсеткіш, жыл сайын шамамен 0.2% төмендейді.
Қорыта айтқанда, ұялы телефондарды пайдалану қатерлі ісік ауруларына шалдығу қаупін арттырмайды. Яғни, сәулеленуі әлдеқайда әлсіз құлаққаптар да бұл қауіпті арттыра алмайды.
Бұл мәселені зерттеген ғалымдар қатерлі ісік пен сымсыз гаджеттерді пайдаланудың арасындағы байланыстың нақты дәлелдерін таппады.
Демек, таралған ақпарат ескі фейктің қайталануы болып табылады және белгіленген ғылыми фактілерге қайшы келеді.

 

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button