Медициналық фейктер

Фейк: «Сілтілі тамақ өнімдері коронавирусты өлтіреді»

Қазнет қолданушылары COVID-19-бен ауырмау жолдарымен бөлісуде. Кейбіреулер сілтілі тамақ өнімдері коронавирусты өлтіреді деп сендіріп, рН деңгейі жоғары тағамдарды көбірек жеуге кеңес береді. Алайда, бұл вирустан қорғануға көмектеспейді.


Шын мәнінде, тағамның рН деңгейі иммундық жүйеге және адамның ауруға қарсы тұру қабілетіне еш әсер етпейді. Бұл туралы Associated Press материалында Калифорния университетінің жұқпалы аурулар және вакцинология кафедрасының доценті Сара Стэнли айтты.
– Вирустың өзінде рН деңгейі болмайды. «РН деңгейі» ұғымы құрамында су болатын заттарға ғана қолданылады, ал вирус ондай емес. Диета қанның, жасушалардың немесе тіндердің рН деңгейіне әсер ете алмайды», – деді ол.
Бұдан басқа, таратылған хабарламада келтірілген көрсеткіштер зертханалық эксперименттердің жалпы танылған нәтижелерінен айтарлықтай ерекшеленеді. Мысалы, хабарламада лимонның рН деңгейі 9-ға, ал лаймда 9,2-ге тең, ал дәлелді ғылым бойынша екі жемістің де көрсеткіштері шамамен 2-ге тең.
COVID-19 алдын алу үшін ДДСҰ әлеуметтік қашықтықты сақтауға, медициналық бетперде тағуға, санитайзерлерді қолдануға және адамдар көп жиналатын жерлегер мүмкіндігінше бармауға кеңес береді.

Фейктерді әшкерелеу біздің Stopfake.kz Telegram-арнамызда. Бірден шындықты білгіңіз келсе, жазылыңыздар.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button